Тобыл өңірінің кәсіпкерлері мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосып келеді. Соңғы үш жылдың ішінде қалталы азаматтардың атсалысуымен сегіз мәдениет үйі жөнделіп, оған 300 млн. теңге жұмсалыпты.
Бұдан басқа, жеке инвестиция көздері арқылы 68 мәдени нысан қаржыландырылып отыр. Сондай-ақ, қостанайлық Меценаттар клубы да осы уақытқа дейін аймақтың өнері мен мәдениетіне, ғылымына сүбелі үлес қосқан жандарға жалпы құны 136 млн. теңгенің 324 сыйақысын берген.