Ел бойынша 1-орында
Қостанай облысында 2020 жылдың соңына қарай тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынының өсімі 13,1%-ке жетеді. Бұл туралы баспасөз конференциясы аясында облыс әкімі А.Мұхамбетов айтты.
"Биыл 13,1% өсімімен 379,3 мың шаршы метр тұрғын үй салынатын болады. Жыл басынан бері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 308,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тұрғын үй құрылысына 22,1% өсімімен 31,2 млрд. теңге инвестицияланды. Облыс орталығында «Әуежай» және «Юбилейный» шағын аудандарының құрылысы аяқталуда, онда ауданы 514,2 мың шаршы метрлік 88 үй салынды. Тағы да «Қонай» мен «Береке» шағын аудандарында 503,7 мың шаршы метрлік 102 тұрғын үй салынады және жеке тұрғын үй құрылысына ауданы 210 мың м2 2,0 мың учаске бөлінеді, – деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, А.Мұхамбетовтің айтуынша, жаппай тұрғын үй құрылысының арқасында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының филиалы соңғы 3 жылда депозиттік қоржынын 2,1 есе ұлғайтты.
Жыл басынан бері кредиттік тұрғын үйдің 639 пәтері сатылды, бұл республикадағы ең үздік көрсеткіш.