Есірткі жарнамалаған

Рудный қаласының аумағында "Дармек" жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй қабырғаларына есірткі жарнамасын жазған тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер 22 жастағы жұмыссыз жергілікті азаматты қолға түсірді. Ер адам үйлердің қабырғаларына интернет-сайттардың сілтемелерін жазған.8af30d9a-cc32-4e89-80c8-9d648c3fdea849b2774b-b8bc-48b3-ae1d-184b19a9cc6c928bc704-117b-49bd-9f46-781fabcb0cc7Аталған факті Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында көзделген "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау" қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Баптың санкциясы алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Республикалық жедел алдын алу іс-шарасы осы жылғы 20 қарашаға дейін жалғасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓