№1 мектеп

Қостанайдың №1 мектеп-лицейі кезекті жеңісін тойлауда. Оқу орны білім беру мекемелері арасындағы "Жасыл кеңсе-2020" ІІ республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Мектеп ұжымы атап өткендей, олар байқауға мұқият дайындалған және қазылар алқасына қарапайым мектеп өміріне экологиялық тәжірибені қалай енгізіп жатқандарын паш ете алған.sayt12
Бұл байқаудың басты мақсаты — бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік мекемелердің назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аудару. Биыл компаниялар мен кәсіпорындар арасында 9 бағыт бойынша 50 ұйым конкурсқа қатысқан. Білім беру ұйымдары арасында №1 мектеп-лицей топ жарып отыр. Мектеп өкілдерінің айтуынша, бұл жеңіс олар үшін тосын жағдай болған, бірақ олар мұқият дайындалғандарын да жасырмайды. 
"Бұл байқауда біз электр энергиясын қалай үнемдейтінімізді, қозғалыс датчиктері мен жылу датчиктерін қалай тиміді қолданатынымызды көрсеттік. Кондиционерлердіғ жиһаздарды экологиялық таза материалдан жасап пайдаланамыз, сондай – ақ қағазды да екінші рет тұтынамыз, үнемдейміз, электронды нұсқада есептерді, журналдар мен қүнделіктерді қашықтан жүргізуге көшкенімізді де айта кету керек", – дейді №1 мектеп-лицей директорының орынбасары Сәуле Құсымбаева.
Мұнда олар әр парақтың екі жағын да қолдануға тырысады, содан кейін пайдаланылған қағазды және макулатураны тапсыру үшін есептен шығарылған кітаптарды жинайды. Айтпақшы, сонымен қатар, мектепте жұмыс істеп тұрған жабдықты қайта өңдеу пункті де ашылды — ескі компьютерлер мен теледидарлар және жөндеуге келмейтін басқа да кеңсе жабдықтары осында әкелінеді. Ал мектепте бірнеше жылдан бері жазда мектеп алаңында дәрілік шөптерді өсіру жобасы жүзеге асып келеді.
"Бұл мектеп жобасы, онда оқушылар мен биологтар, шалфей мен түймедақ өсіреді, жаз бойы күтім жасайды, содан кейін гербарийге жапырақтары жиналады немесе аурудың алдын алу үшін шай ішуге пайдаланылады", – деді Сәуле Құсымбаева.
Оқу орнының өкілдері атап өткендей, мектепте мұғалімдерге арналған ауыз су диспенсері, микротолқынды пеш және дивандар қойылған демалыс бөлмесінің болуы да жеңіске жетуге ықпал етті. Бұған қоса, сыныптар мен кеңселерде өсірілетін өсімдіктердің көптігі де есепке алынғаны сөзсіз. Рас, қазір кезекші сыныптарда бактерицидті шамдар қосылғандықтан, олар уақытша жабық тұрған бөлмелерге ауыстырылған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓