Мерекедегі қуаныш

Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күні қаламыздағы «Береке» шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 300 отбасы жаңа пәтерлердің  кілтіне ие болды.
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, отбасыларға көптен күткен пәтер кілттерін табыстады. Аймақ басшысы халықты тұрғын үймен қамту саласында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.
–Облыстағы тұрғын үй құрылысының көлемі соңғы жылдары шамамен 13 % орташа жылдық өсіммен оң динамиканы көрсетуде. Ағымдағы жылы облыста өткен жылмен салыстырғанда шамамен 18 % өсіммен 449,0 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Он бір айда 413,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Облыс орталығында «Аэропорт»  және «Юбилейный»  екі шағын ауданының құрылысы аяқталуға жақын, онда 78 тұрғын үй салынды. Сондай-ақ, «Қонай» және «Береке» екі жаңа шағын аудандарының құрылысы жалғасуда. Мұнда жалпы ауданы 500 мың шаршы метр болатын 102 көп қабатты тұрғын үй салынады және жеке тұрғын үй құрылысына 2,0 мыңнан астам учаске бөлінеді. Тұрғын үй құрылысының болашағы Қостанай ауданы Мичурин ауылында Тобыл қаласында «Астана» және «Бәйтерек» жаңа шағын аудандарын игеру болып табылады. Жаңа шағын аудандар жалпы ауданы 300 мың шаршы метрден асатын 44 тоғыз қабатты тұрғын үй салуды көздейді. Баршаңызды еліміздің басты мерекесі –  Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік пен келісім, тұрақтылық пен ынтымақ тілеймін, – деді А. Бегежанұлы.
Тәуелсіздік жылдары Қостанай облысында шамамен 6,3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 63 мыңнан астам азамат өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Тұрғын үйді пайдалануға берудің орташа жылдық өсімі 19 %-ды құрайды.  
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓