Егу маусымы аяқталды

Қостанай облысында тұмауға қарсы жоспарлы егу маусымы аяқталды. Биыл вакциналарды қосымша сатып алудың арқасында әдеттегіден көп адам егілді.Без названия (1)
Облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде атап өткендей, 2020-2021 жылғы эпидемиологиялық маусымға жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұмауға қарсы вакцинаның 74 924 дозасы сатып алынды. Вакцинаға H1N1, H3N2 үш штаммы, В штамм вирусы енгізілген.
Айта кету керек, 14 жасқа дейінгі 11 415 бала, 63260 ересек адам екпе жасатты. Бұған қосымша, жұмыс берушілер қаражаты есебінен 3671 адам егілді.
Егілгендер саны былтырғыдан көп және бұл емханалар үшін екпе жоспарын ұлғайтуға мүмкіндік берді. Мысалы, биыл Қостанай қаласының №4 емханасында дәрігерлер 6 мыңға жуық вакцина алды. 2019 жылы 4 мың ғана сатып алынған-ды. Олар тәуекел тобындағы адамдар тегін егілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті берген мәлімет бойынша, 8575 медицина қызметкері, 2-3 триместрдегі 1532 жүкті әйел, созылмалы аурулары бар 45090 бала мен ересек, балалар үйлері мен мектеп-интернаттардың 621 тәрбиеленушісі, қарттар мен мүгедектер үйлерінің 1535 тұрғыны, өзге контингенттерден 17 322 адам егілген. Сондай-ақ, вакцинация аймақтың ірі кәсіпорындарында да өтті. 
Облыстық департамент биыл егу маусымының 15 қыркүйектен, яғни әдеттегі мерзімнен 2 апта бұрын басталғанын атап өтті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓