Жылу бағасы өседі

Бұл туралы тілшілерге жылу компаниясы басшылығы айтты. Қымбатшылық себебін газ бағасының өсуімен түсіндірді. 
"1 қазаннан бастап жылу бағасы өседі. Тариф өсімі – 4,4%. Оның ішінде, тұрғындар үшін 4 пайызға артады. Өтпелі кезеңде біздің кәсіпорын шығынға ұшырады. Газ тарифінің өсуі кезінен бастап, біздің тарифті арттырғанымызға дейін аралықта 14 млн теңге жоғалтамыз", – деді жылу компаниясының директоры Асқар Бекпағанбетов. 
ктэк
Айта кету керек, осы күзде-ақ коммуналдық қызмет көрсетуге арналған арнайы орталық ашылуы мүмкін. Ол бір терезе принципі бойынша жұмыс істейді. Бұл жобаға барлық коммуналдық компаниялыр мен қала билігі ықтиярлық танытып отыр. Орталық әл-Фараби көшесі бойында, бұрынғы АХАЖ ғимаратында орналастырылады деп күтіледі. Оның артықшылығы – қызмет үшін қосымша комиссия ұсталмайтын болады. Мұның сыртында, коммуналшылар бірегей түбіртекке көшуді пысықтауда. Әзірге ол туралы нақты мағлұматтар жоқ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓