Бекеттер қызметі бақылауда
8-9 қарашаға қараған түні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов санитарлық бекеттердің жұмысын тексерді.Өңір басшысы Instagram парақшасында облыс аумағында 12 санитарлық бекет, оның ішінде 4-еуі РФ шекарасының пириметрі бойынша, Қостанай қаласы – 3, Қостанай ауданы-4 және Жітіқара қаласы-1 бекет қойылғанын хабарлады. 9 қарашадан бастап сағат 00.00-ден бастап санитарлық бекеттерде қажетті қорғаныс құралдарымен жабдықталған 118 қызметкер (24 медицина қызметкері, 94 полдицалық және 13 автопатруль) қызмет атқарады. Қызметкерлер 12 сағат сайын ауысып оытрады.
Әкім санитарлық бекеттерді кесіп өтетін адамдарға мұқият бақылау жүргізуді, сондай-ақ кезекшіліктегі барлық қызметкерлерді керек-жарақпен қамтамасыз етуді тапсырды.Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов полиция және мониторинг топтары тәртіп бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтіп жатқанын хабарлады.
Тек екі күннің ішінде – 2020 жылғы 7 және 8 қарашада облыста карантин режимінің 232 бұзылуы анықталды. Карантинге қарамастан, облыс тұрғындары туған күндерін, үйлену тойларын және еске алу кештерін өткізуді жалғастыруда. Іс-шаралар 50-ден 20 адамға дейін өткізіліп, инфекцияның таралуының басты себебі болып табылады.
Облыс орталығында 2020 жылғы 7 қарашада Евразия мейрамханасында (үйлену тойы, 50-ден астам адам), Дияр (13 адамға арналған еске алу түскі асы, 35 адамға арналған құдалық), коттедждерде (30-дан астам адамға арналған туған күн және қыз ұзату), "Тандырная" кафесінде (30-дан астам адамға келушілер) отбасылық мерекелер, сондай-ақ тыйым салынған уақытта "Релакс" және "Лед" саунасының жұмысы анықталды.Сондай-ақ, сатушылардың тауарды қолғапсыз, маскасыз өткізуінің 70-тен астам фактісі анықталды. 7 қарашада тек Қарасу және Ұзынкөл аудандарында бір тәулік ішінде бұзушылықтар тіркелген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 9 қарашадан бастап облыс орталығының айналасында орналасқан санитарлық бекеттер өз жұмысын бастады.
Полиция департаменті облыс тұрғындарына карантин шараларын сақтауды сұрайды.