Жұмысшылар партаға отырды
Арқалықтағы Торғай боксит-кен басқармасының («Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы) 18 қызметкері «Бастау» жобасының бағдарламасы бойынша оқып жатыр. Оларға мұндай мүмкіндікті ERG компаниясы беріп отыр.
-Оқу 15 мамырда басталды. Мұнда штаттық құрылымды оңтайландыруға байланысты жұмысынан қысқарған адамдар білімін жетілдіруде. «Бастау» оқу бағдарламасы жеке қаржылық сауаттылығын игеруге, кәсіпкерлікті дұрыс жолға қою, бизнес-идеяларды жүзеге асыру сияқты кәсіпкерлік негіздеріне үйретеді. Бағдарлама 25 күнге шақталған. Содан соң болашақ кәсіпкерлерге бизнес-жоспар жасауға көмектесіп, оларды әрі қарай қаржыландыру мәселесі қаралады, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Роберт Юсупов.
Қаржыландыру «Атамекен-Қостанай» шағын қаржы ұйымы арқылы жылына 6 % үстемемен, жеңілдетілген жағдайда ұсынылады. Несиелеу қаржысын ERG компаниясы өз мойнына алып отыр.
Әлібек ЫБЫРАЙ