Станциялар жөнделуде

"Қостанай-су" кәсіпорны «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәріздік сорғы станцияларына қайта құру жұмыстарын жүргізуде. 2c93458d-ddbf-4836-b03f-0fbb605b04a2«Мердігер жобаға сәйкес бөлшектерді орнату, батырмалы құдықты қалыңдығы 100 мм жабындымен қаптау және қайтадан топырақпен жабу жұмыстарын атқарды. Жұмыстар әлі де жалғасатын болады. Технологиялық жабдықты жеткізуге келісім-шарт ағымдағы жылдың тамыз айында жасалды. Осы жылы жеткізу мерзімі жалғасады, келер жылдың ақпан айында дейін шарт жасалып қойған», – дейді «Қостанай-су» КММ директоры Еркебұлан Файзуллаев.  
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында кәсіпорынға 39 адам жұмысқа орналасты, Мекеме басшысының айтуынша,  қос бағдарлама шеңберінде 340 адамды жұмысқа тартуды көзделген. Алдағы уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстары №2, 5а, «Онкологиялық диспансер» канализациялық сорғы станцияларына жүргізілетін болады. Атқарылған жұмыстан соң, қызмет сапасы артпақ. Яғни, кей құбырлар автоматты тазалау жүйесіне ауыстырылып, қызмет көрсету мерзімі ұзарады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓