Көпір ашылар күн таяу

Қостанай қаласының Таран көшесі арқылы Тобыл өзені үстімен өтетін үлкен көпір құрылысының қарқыны қызу. Тапсырыс беруші тарап – «КазАвтоЖол» ҰК ҚОФ шілде айынан бастап көпірдің бір жолағы көлік қозғалысы үшін ашылады деп сендіріп отыр. Сабырға шақырып, жұмыстардың межелі мерзімнен озып келе жатқанын айтуда. Бұл мәлімдеме өзеннің арғы бетіне КСК мен КЖБИ шағын аудандарын айналып өту шаршатқан жүргізушілердің көңілін серпілткендей. КОПИР
– Барлық тіреулер толығымен даяр,-дейді компания басшысының орынбасары Н.Молдатаев. – 90 жалғаушы арқалық монтажы да аяқталды. Қазіргі уақытта қаптама тақталарды төсеу процесі жүріп жатыр. Сондай-ақ бүгіннен бастап көпірдің оң жақ жолағына асфальттың төменгі қабатын құю да басталып кетті, ең бірінші болып нақ осы беті қозғалыс үшін ашылады. Бұған қоса, мұнда тротуар да салынады. Сол жақ бетінде де жұмыстар жүруде. Алайда, басым екпін көпірдің оң бөлігіне салынып отыр.  
Компания өкілі көлік қозғалысының ашылуы сол жақ бөліктегі жұмыстарға кедергі келтірмейтінін айтады. Көпірді көріктендіруге де көңіл бөлініп отыр. Арғы және бергі бетіне тұғырлар орнатылып, астын жағалата сәндік шырақтар асылып, жарықтандыру тіреулері жасалады. Бұған қоса, қала билігі көпірдің кішігірім архитектуралық формалармен шырайын енгізе түспекші.
 
"НК" материалы бойынша
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓