COVID-19: +58
17 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 58 адам жұқтырған. Сырқатқа Қостанай қ. 23 адам, Рудный қ. – 22, Жітіқара ауданында – 5, Қарабалық ауданында – 3, Денисов ауданында – 3, Алтынсарин ауданында – 1, Б. Майлин атындағы ауданда 1 тұрғын шалдыққан.
38 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирус инфекциясы расталған адаммен байланыста болған күдікті ретінде қаралды, 5 адам профилактикалық мақсатта, 5 адам эпидемиологиялық қадағалау мақсатында (жоспарлы түрде жатқызудың алдында) тексерістен өткен.
Індет жұқтырғандардың ішінде 38 адамда аурудың симптомды, 20 адамда симптомсыз түрі болған.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 17 қараша аралығында COVID-19-ды 4430 адам жұқтырыпі, 3382 адам емделіп шыққан.