Бәсекелестік күшейсе, сапа да арта түседі

Өткен бейсенбі күні облыстық филармонияның күмбезді залында өткен "Бірыңғай экономикалық кеңестік аумағында бәсекелестіктің тең шарттарын қамтамасыз етудің құқықтық аспектілері" атты халықаралық конференцияда Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңестік елдеріндегі монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ тауарлар нарығында тең бәсекелестікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Маңызды шараға ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми топтардың, Кедендік Одақ пен Бірыңғай экономикалық кеңестікке мүше мемлекеттердің бизнес қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.
ЕЭОЕуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Нұрлан Алдабергеновтің атап өтуінше, ұйымның негізгі мақсаттарының қатарына табиғи газ, электр энергиясының, автокөліктердің, азық-түлік тауарларының, мұнай өнімдерінің, теміржол тасымалдарының, қалааралық байланыс қызметтерінің тауарлық нарықтарын зерттеу кіріп отыр.
"Біздің шекараларымыз ашық болғандықтан, ЕЭК  пен ұлттық монополияға қарсы органдардың негізгі мақсаты – тең жағдайды қамтамасыз ету, ірі кәсіпорындардың қызметін бақылау. ЕЭК пен біздің ұлттық монополияға қарсы органда тауарлық нарықты зерттеу мен трансшекаралық тауарлық нарықтардың бәсекелестік ережелерін бұзу фактілеріне тергеу жүргізу тұрғысында өзара іс-қимылы бар. 2013 жылы мемлекет басшыларының шешімімен ЕЭК пен ұлттық монополияға қарсы органдар (үш елдің) арасында құзыреттілік бөлінген", – деді Н. Алдабергенов.
Оның сөзіне қарағанда, электр энергия бағасы бойынша бәсекелестік нарыққа көшу керек. "ЕЭК тең жағдайды қамтамасыз ету тұрғысында электр энергиясы нарығын зерттеуде. Осы жұмыстардың барысында электр энергиясының трансшекаралық тасымалдарын іске асыру кезінде Қазақстан мен Ресейдің субъектілеріндегі заң бұзушылықтардың жағдайлары анықталды.
Мәселен, Екібастұз МАЭС-1 Қазақстандағы энергияның тапшылығы кезінде, энергияны қазақстандық нарыққа қарағанда, Ресей нарығына едәуір төмен бағамен сатады. Ал Қазақстанның батыс облыстары оны жоғары бағамен Ресейден алады", – деп тоқтал-ған Н. Алдабергенов, жақын арада бұл мәселе шешімін табатынын және еліміздің бірқатар өңірлерінде электр энергия бағасы төмендейді деп уәде етті. Сонымен қатар ол барлық       тауарлық нарықтарда баршаға бірдей жағдайды қамтамасыз ету аясындағы мәселелерді шешу бағытында қызу жұмыс жүріп жатқандығын атап өтті.
Нұрлан Алдабергенов "параллельді импорттың" бәсекелестігін адвокаттауға байланысты мәселелерге ерекше тоқталды:
– Бұл көптеген тауарлардың түрлеріне, оның ішінде импортталатын брендтік тауарларға  тәуелсіз жеткізушілер мен ресми делдалдар арасында бәсекелестікті дамыту есебінен бағаларды төмендетуге қатысты мәселелер топтамасы. Бұл өз кезегінде әлемдік тәжірибе, алайда үш мемлекетте бүгінде шектеу бар. Сондықтан да жақын арада, яғни 2018 жылға қарай "параллельдік импорттан" кезең кезеңмен шығу үшін бұл бағытта зерттеулер жүргізудеміз, – деді ол. Осы орайда ол Қазақстан, Ресей және Беларусь жүргізіп отырған интеграция жағдайында үш елдің монополияға қарсы заңнамасын же-тілдіру, ішкі нарықты қорғауға, отандық бизнесті қолдауға, тендерлер өткізу кезінде бюджеттік қаржыны үнемдеуге бағытталған заңның нормаларын күшейту маңызды екенін қадап айтты.
Бұдан бөлек, қазіргі кезде Кедендік Одақ елдерінде халықтық тұтыну тауарларына, азық-түлік өнімдеріне және өзге де тауарларға қатысты тұрақты мониторинг жасалуда.          
"Бәсекелестік қоғам мәдениетінің деңгейін сипаттайды. Сондықтан, бәсекелестік неғұрлым дамыған болса, соғұрлым Қазақстан, Ресей және Беларусьтің өмір сүру деңгейі жоғарылып, елдердің дәулеті арта түспек", – деді министр.
Шұға                          
            ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓