Көрсеткіштерді бұрмалаған
Өңірімізде жұмыссыздық деңгейінің статистикалық көрсеткіші бұрмаланып көрсетіледі. Тіпті, кейбіреулерді тұрақты және әлеу-меттік жұмыс орындарына қағаз жүзінде орналастыру фактілері аз кездеспейді. "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында бірқатар заңбұзушылық анықталып отыр. Тек Қостанай қаласының өзінде аталған бағдарлама бойынша қайта оқыған 112 адамның 55-і ғана мамандығы бойынша жұмысқа тұрыпты. Бұл туралы облыстық прокуратурада өткен алқа мәжілісінде облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры міндетін атқарушы А.Сыздықов айтты.
Жалпы статистика мамандарының келтірген деректеріне сүйенсек, өңірімізде жұмыссыздық 5,1% пайызды құрайды. Соңғы екі жылда Қостанай облысы бойынша "Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасын жүзеге асыру аясында 6,7 млрд. теңге бөлінген. Осы қаражаттың игерілуіне байла- нысты құзырлы орган тарапынан көптеген сауалдар туындады.
– Федоров ауданы статистика органдарының жыл басында жүргізген сауалнамасында Н.Н.Деряга мен И.Х.Деряганың жеке қосалқы шаруашылығы бар делінген. Алайда, тексеру кезінде азаматша Н.Н.Деряганың зейнеткер екені, ал оның күйеуі И.Х.Деряганың 2013 жылдың қазан айында қайтыс болғаны, ешқандай қосалқы шаруашылықтарының жоқ екені анықталды, – дейді А.Сыздықов.
Жүргізілген прокурорлық тексеру кезінде еңбекпен қамтылған адамдардың саны көбейтіліп көрсетілген айғақтар да анықталған. Ал статистика мамандары әлеуметтік сауалнама толтыру кезінде бір емес, бес өлген адамды өзін-өзі қамтып отыр деп көрсетіп беріпті.
Өз органдарына тағылған сын-ға облыстық статистика департаментінің басшысы Қ.Бәрімбеков жауап берді:
– Көрсеткіштерді бұрмалау фактісіне сәйкес айтарым, осы отбасылардың бәрінің ауласында бақшасы, үй жануарлары болған. Бұл олардың қосалқы ша-руашылық ұстап, өздерін қамтып отырғандығын көрсетеді. Ал қайтыс болған кісілердің тірілер қатарына еніп кетуі, бізге ақпар берген отбасы мүшелерінің қателігі. Себебі біздің қызметкерлер отбасы мүшелерінен жеке басын куәландыратын құжат сұрамайды. Ақпаратты ауызша толтырады.
"Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020" бағдарламасы бойынша да тұрақты әрі әлеуметтік жұмысқа тартылғандар саны да бұрмаланған. Мысалы, Лисаков қаласының тұрғыны М.Вайхель "Имсталькон" ЖШС бағдарламадан тыс жұмысқа тұрса да, жұмыспен қамту орталығы бағдарлама қатысушыларының қатарына қосыпты. Осындай кемшіліктерді Қостанай қаласы жұмыспен қамту орталығы да жіберіп, 32 тұлғаны қағаз жүзінде жұмысқа орналастыру дерегі әшкере болған.
Шұға
ҚОҢҚАБАЙ