Жылу ағытылды
Бүгін сағат 8.00-ден бастап Қостанайда жылу беру ыстық сумен қамту режиміне көшті, деп хабарлайды alau.kz тілшісі.Тілшінің айтуынша, "ҚЖЭК" МКМ бас инженері Нұрлан Көшеков алдын ала қаланың ПИТК-не тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарда жылуды ағыту қажеттігі туралы хабарландыру таратқан. Емдеу және мектепке дейінгі білім беру мекемелері жылу жүйесінен өздерінің өтініштері бойынша ажыратылады. 9 мамырда Қостанай жылу желілерін қысыммен тексеру шаралары басталып, ай соңына дейін жалғасатыны да мәлім етіліп отыр.