Шырша шыраққа оранды
Бүгін 18.00-де қала тұрғындары Қостанайдағы басты шыршаның шамын жағу салтанатын тамашалауға жиналды.
Бұл шараға облыс әкімі Архимед Мұхамбетов арнайы қатысты. Ол жұртшылықты алда келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен және жаңа жылмен құттықтады. Мұнан соң жаңа жылдың басты кейіпкері – Аяз ата сиқырлы таяқшасымен сұлу шыршаны жарықтандырып, арты дереу от-шашуға ұласты.
Кенже Қонысбай
Суреттерді түсірген Айбек Жүзбай