«Ақылды» өмірге ұмтылыс

Цифрландыру – экономика дамуына тың серпін беретін негізгі құралдардың бірі. Бүгінде ол адам өмірінің барлық салаларын біртіндеп қамтып келеді. Мысалы, Рудный қаласында ауқымы кең ақылды кеніш, ақылды құс фабрикасы жобаларынан бөлек медицина, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында да «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша алға жылжушылық байқалады.IMG_2649
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында емханалар мен ауруханалар цифрлық нұсқада қызмет көрсетуге көшуі тиіс деп қадап айтты. Межеленген маңызды міндетті жүзеге асыру мақсатында кеншілер қаласындағы №1 емханада электронды кезек жүйесі іске қосылған болатын. Нәтижесінде, жергілікті дәрігерлер қағазбастылықтан арылып, медициналық қызмет сапасы еселеп артты. Бүгінде дәрігерлерге қаралуға барған тұрғындар бұрынғыдай ұзын-сонар кезек күтпейді. Тек бар болғаны терминалдан талон алады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте ақ халаттылардың кабинетіне кіру мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Бұдан бөлек жыл басынан бері тұрғындарға ақпараттық және электронды көмек көрсету мақсатында «Даму Мед» медициналық ақпараттық жүйесінің мобильді қосымшасы енгізілді. Қазір кез келген адамның қолында смартфон бары баршамызға белгілі. Осы смартфон арқылы емханаға бармай-ақ, дәрігер қабылдауына жазылуға көмек алуға мүмкіндік барын бірі білсе, бірі білмейді.IMG_2626
– «Даму Мед» медициналық қосымшасында «Дәрігерге жазылу» және «Дәрігерді шақырту» деген екі бөлім бар. Әрбір тұрғын қосымшаны өзінің смартфонына жүктеп алуы тиіс. Қосымшаға кіріп, ЖСН нөмерін терген кезде қай емханаға тіркелгені көрініп тұрады. Дәрігердің қай уақытта қабылдайтыны, қай кезде бос екені, барлығы көрсетіледі. Олар бұрынғыдай емханаға барып, кезек күтпейді. Үйде немесе жұмыс орында отырып-ақ алдын ала жазылып қояды. Сондай-ақ есепте тұрған науқастар, зейнеткерлер, мүгедек жандар дәрігерді үйіне шақырта алады. Бұған қоса диспансерлік есепте тұрмайтын, бірақ ота жасатқаннан кейін өздігінен жүріп-тұра алмайтын науқастар да дәрігердің көмегін үйінен ала алады, – дейді №1 емхананың бас дәрігері Күлжамал Қалиева.
Жас ана Айзат Ибрагимова қолданысқа енгізілген электрондық жүйені жетік меңгеріп алған. Нәзікжан жаңашылдықтың шексіз шарапатын сезінгенін айтады.
– Мен «Даму Мед» қосымшасының ең алғашқы пайдаланушыларының бірімін. Тиімділігі өзімнің талдау қорытындыларын көре аламын. Дәрігердің қабылдауына үйде отырып-ақ жазыламын. Уақытым үнемделіп, бұрын кездескен ыңғайсыздықтардың барлығынан арылдым, – дейді ол.
Дамудың даңғыл жолына түскен шахардың денсаулық сақтау саласындағы тың бастамалар қарапайым қарашаның қажетіне жарап жатқандығы қуантады.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қажетті инновациялық, энерготиімді инфрақұрылым құру мақсатында әзірленген «Смарт Сити» тұжырымдамасы биыл Рудныйда да көрініс таба бастады. Атап айтсақ, Ленин-Горняков көшелерінің қиылысындағы аллеяға орнатылған он шақты смарт-орындық осы күні жұртшылықтың талай қажетінежарап отыр. Күн көзінен қуат алатын орындықтардан қалта телефоныңызды қуаттандырып алуға болады. Смарт орындықтардың әрқайсысында екі USB-порттан бар. Жаңашылдық, әсіресе, студенттердің қызығушылығын тудырып отыр.getImage
– Біздің оқу орнымыздың жанында пайда болған «ақылды орындықтарға» сұраныс жоғары. Сабақтан шығып, серуендеген сәттері осы жерге келіп, тыныс алып қана қоймай қалтафонды қуаттап алуға болатыны жастар үшін жағымды жаңалық болды. Енді басқа аллея-саябақтарда да осындай орындықтар орнатылып, тегін Wi-fi желісі іске қосылса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Рудный политехникалық колледжінің студенті Сейтжан Орынқожаев.
«Ақылды қала» технологияларының басты артықшылығы – олардың адамдар мен қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Смарт орындықтардың саны, билік өкілдерінің айтуынша, мұнымен шектеліп қалмайды. Алдағы уақытта басқа да көпшілік орындар біртіндеп осындай заманауи орындықтармен қамтамасыз етіледі.
– Жуырда жаяу жүргіншілерге арналған арнайы ақпараттық-ескертуші құрылғылар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл рудныйлықтардың жолдағы қауіпсіздігін қаматамасыз етеді. Жаяу жүргінші сол аумаққа келгенде арнайы белгі беріліп, шам жанады. Осының нәтижесінде автожүргізуші жаяу жүргіншіні бірден байқайды. Жалпы жүйе күн батареялары арқылы жұмыс істейді, – дейді Рудный қаласының ТКШ бөлімінің басшысы Олжас Өмірзақов.
Бүгінде Рудный үшін «ақылды шам», «ақылды жарық» ұғымдары да жат емес. Мәселен, жақында Қашар көшесінде баламалы энергия көздерімен қоректенетін жарық шамдары пайда болды. Жобаны «Жастар» қоғамдық ұйымының белсенділері қала құраушы кәсіпорын «ССКӨБ» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырды. Шам солтүстік аймақтар үшін арнайы әзірленген және күн панелі мен жел генераторының арқасында күні бойы бойына қуат жинап, тәуліктің қараңғы уақытында жарық өздігімен жанады.436377587
– Рудный үшін алғашқы «ақылды шамды» дәл осы жерде орнатуымыздың басты себебі – электр сымдарының қашықтау орналасуы. Инновациялық жобамыздың құны 600 мың теңгені құрайды. Шамның басты бөлшектерін тапсырыспен Санкт-Петербор қаласынан алдырдық. Бұл игі істің бастамасы ғана деген сенімдіміз, – дейді қоғамдық бірлестіктің белсендісі Геннадий Ипатов.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
Рудный қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓