Пітір садақасының мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақасы мөлшерін бекітті, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.мешіт
Төралқа мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешіміне сәйкес, биылғы пітір садақа мөлшері 300 теңге болып бекітілді. 
Пітір садақасын бидайдан бөлек, құрманың, мейіздің, арпаның құнымен де беруге болады.
Егер пітір садақасын бидаймен беретен болсаңыз, әр адам үшін жарты сағ, ал жарты сағ 1 келі 625 граммға тең. Ақшамен есептегенде (әр аймақтың бидай бағасына қарай) 1 келі 625 граммның құнын беру керек. Құрма, мейіз, арпадан да бір сағтың (3,25 кг) құнын беру қажет.
Пітір садақасын Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады.
Биыл Рамазан айы мамырдың 16-сы басталып, 14 маусымда аяқталады. Маусымның 9-нан 10-на қараған түн — Қадір түні. Сондай-ақ, назарларыңызға Рамазан айындағы ораза және намаз уақыттарының кестесін ұсынамыз.10. Қостанай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓