Жүлделеріңізбен, жорналшылар!

Бүгін, Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен медиа-форум өтті. Осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отырған шара барысында қостанайлық тілшілер марапатталды. Олардың қатарында біздің әріптестер де бар.IMG_0673
Еңбектері еленіп, ерекше құрметке бөленген үздік журналистер, облыстық, қалалық, аудандық  БАҚ редакторлары, сала ардагерлері Қостанайдағы "Тобыл" мейрамханасында бас қосты. Мереке иелерін әуелі облыс әкімі құттықтады. Ол өз сөзінде қазақ журналистикасының тарихы Тобыл-Торғай өңірімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Биылғы мерекемен тұспа-тұс келіп отырған "Қостанай таңы" газетінің 95 жылдық мерейтойы да тілге тиек етілді.IMG_0740
– Қазақ баспасөзінің тарихында тұңғыш рет "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетін ашқан Алаш ардақтылары – Мұхаммеджан Сералин мен Ахмет Байтұрсынұлы Тобыл-Торғай тумалары екенін біз ерекше мақтанышпен айтамыз. Бүгінде шыққанына 95 жыл толып отырған "Қостанай таңы" газетінің "Ауыл" деген атпен шығуы да М.Сералин мен Б.Майлиннің есімдерімен тығыз байланысты. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист Нәзипа Құлжанова да осы өңірдің түлегі екенін тарихтан жақсы білесіздер. Бұл жайттардың барлығы қазақ журналистикасының тұнық бастауында облысымыздың тұрғандығын айғақтайды әрі бүгінгі қаламгерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Кәсіби мереке қарсаңында осы ауқымы кең саланың мамандарына ерекше алғысымызды білдіреміз. Баршаңызды ыстық ықыласыммен құттықтаймын! – деді ол.IMG_0722
 
IMG_0745Шынымен де, осы жолы "Қостанай таңы" газетінің ұжымы екі бірдей мерекені қарсы алды. Беделі зор ата басылымның айрықша аталып өтуінің мәні тереңде. Тарихы тамырлы редакцияның бүгіні де баянды. Оны шара барысында облыс әкімінің қолынан "Қостанай таңы" газетінің 95 жылдығы" мадақтамасын ала тұрып, бас редактор Жанұзақ Аязбеков сөз ете өтті.IMG_0782
-Біздің газет ешқашанда өзінің бағытынан, ұстанымынан айныған емес. Ол ұстаным – халыққа қызмет ету, – деді ол. – Өздеріңіз білесіздер, Ахаң айтқандай, "газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі". Ендеше, біз қазіргі күнге дейін, ең алдымен, халықтың үні болуға тырыстық. Елге қызмет етуді қашанда абыройлы борышымыз есептейміз!IMG_0787
Ақпараттық қоғамның дамуына үлес қосып, жемісті жұмыс атқарғаны үшін марапатталған қызметкерлердің арасында біздің де әріптестер бір төбе болды. Атап айтқанда, редакцияда көп жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан компьютерлік өңдеу операторы Сәуле Ибраева Байланыс және ақпарат министрлігінің сыйлығымен марапатталды. IMG_0761Есепші Гүлмира Есіргепова мен жауапты хатшының орынбасары Алма Атымтаева Қазақстан журналистер одағының Алғыс хаттарына ие болды. IMG_0853Мұхаммеджан Сералин атындағы арнайы сыйлық газеттің аға редакторы Әлібек Ибраевқа табыс етілді. Ал жас тілші Қасқырбай Қойшыманов "Ұлы Дала Елі – болашағы біртұтас ел" аталымы бойынша облыс әкімінің жүлдесін алды.IMG_0878
 
IMG_0824
 
 
IMG_0885
Марапаттау рәсімі аяқталысымен шараға жиылған қауым облыс әкімінің мереке құрметіне жайған ақ дастарханына төрлетті. IMG_0900IMG_0940
IMG_0943Біз де барлық әріптестерімізді жүлделерімен шын жүректен құттықтаймыз! Қаламдары қарымды, жазарлары жағымды болып, дәйім еңбектері жана берсін демекпіз!IMG_0964
Жандос Жүсіпбек
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓