Бір топ браконьер ұсталды
Қостанай облысында қолға түскен браконьерлерден қос ұңғылы мылтық және олар атып алған елік тәркіленді.Ұзынкөл ауданында “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз аң аулады деген күдікпен бірнеше адам ұсталды. 7 қарашада аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы мен Пресногорьков ауылдық округінің қорықшысы Коняево көлінің маңында “Toyota Hilux” маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікте Қостанай облысының төрт тұрғыны болған. Жол талғамайтын көліктің жанында заңсыз атылған елік денесі жатқан. Тексеру барысында полиция қызметкерлері тіркеуде жоқ 16 калибрлі екі ұңғылы мылтықты тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабы 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша тіркеліп, тергеу жүргізілуде.