Тұрақты зейнетақы аударымдары – ҚОМАҚТЫ ЗЕЙНЕТАҚЫНЫҢ КЕПІЛІ
Зейнетақымен қамсыздандыру қазіргі зейнеткерлер арасында ғана емес, жалпы халықтың белсенді түрде жұмыс істеп жүрген бөлігін де қызықтыратын өзекті мәселе. Бүгінде адамдар өз болашағын жоспарлауға сауатты қарай бастады, тиісінше, қазыналы қарттыққа, берекелі болашаққа деген талпыныс та күшейді. Осыған орай, біз "БЖЗҚ" АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Сәуле Қозбақовамен тілдескен едік.
– Сәуле Бақытқызы, биылғы жылы коронавирус індеті (Covid-19) филиалдың жұмысына қалай әсер етті? Карантин кезінде салымшылар мен алушыларға қалай қызмет көрсете алдыңыздар?
– Наурыз-сәуір айларында коронавирус індетінің (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, "БЖЗҚ" АҚ азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар шектеу шараларын алғашқылардың бірі болып енгізді. Осыған байланысты Қордың барлық бөлімшелері қызмет көрсетудің жаңартылған режиміне көшті: кейбір бөлімшелер қашықтықтан жұмыс істесе, қалған бөлімшелерде алдын ала жазылу бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүргізген кезекші қызметкерлер жұмыс атқарды. Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерінің қашықтықтан алу мүмкін емес басым (кейінге қалдырылмайтын) түрлері бойынша жүзеге асырылды: салымшының/ алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу (жерлеу және мұра); Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініштерді ресімдеу және басқалар. Қордың өзге қызмет түрлерін біз ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет арқылы онлайн режимінде алуға табанды түрде талап қойып, ұсыныс жасадық.
Алайда, эпидемиологиялық жағдай біршама жақсарған тамыз-қыркүйек айларында барлық филиалдарымыз әлеуметтік қашықтық шараларын сақтай отырып, салымшылар үшін есігін айқара ашты. Олардың көпшілігінің бізге үнемі қоңырау шалып, қашан ашылатынымыз туралы біліп отырғандары қуантады.
Шектеу шараларына қарамастан біздің филиалда 9 ай аралығында 40 939 қызмет көрсетілді. Соның ішінде:
– салымшыларға/алушыларға жеке зейнетақы шоттарынан 12 822 (31%) үзінді көшірме берілді;
– салымшының/алушының деректемелерін өзгерту/толықтыру туралы 10 070 (25%) өтініш қабылданды;
– хабарлау тәсілін өзгерту туралы 6 212 (15%) қосымша келісім тіркелді;
– зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы 5 178 (12%) өтініш қабылданды.
– Қордың бүгінгі күндегі негізгі көрсеткіштері туралы да баяндап берсеңіз?
– 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнет-ақы қоры салымшыларының шоттарында 12,5 триллион теңге мөлшерінде зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2019 жылдан бастап 01.10.2020 жылға дейінгі бір жыл ішінде бұл сома шамамен 1,9 триллион теңгеге немесе 20% ұлғайды. Осындай әжептәуір көрсеткішке, яғни, өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 598,6 млрд теңгеге артық өсімге негізінен БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 1,08 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелгеннің арқасында қол жеткізілді.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасып, 12,2 трлн теңгені құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 301,9 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,14 млрд теңгеге жетті.
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллионға жуық бір-лікке көбейді.
Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашыл-ған – олар шамамен 11 миллион, дәлірек айтқанда 10 982 963 (жыл басынан бергі өсім – 11%). Одан әрі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттар – 521 681 (өсім – 2%), ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) саны да біртіндеп өсуде, қазір БЖЗҚ-дағы осындай шоттар саны – 56 517 (өсім – 4%).
2020 жылдың 01 қазанында Қостанай облысы бойынша міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жеке зейнет-ақы шоттарының саны 529 388 болды, ондағы зейнетақы жинақтарының жалпы мөлшері 529,4 млрд теңгені құрайды. Аталған күнге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен 28 947 ЖЗШ ашылды, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 14,1 млрд теңгеге тең, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 1 962 шарт жасалды, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 94,7 млн теңгені құрады.
– Қазір БЖЗҚ-да міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшін жеке тұлғаға өті-нішті ресімдеу мақсатында Қорға келудің қажеті жоқ. Алғашқы жарна келіп түскен кезде шот БЖЗҚ ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру зейнетақы жарнасын аудару кезіндегі (сіздің жұмыс берушіңіз жіберген) төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ салымшының қолданыстағы құжатының деректемелері туралы барлық қажетті мәліметтерді Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
– Зейнетақы жинақтарының жайкүйін қалай тексеруге болады?
– Жинақтарыңыздың жайкүйі туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен біле аласыз:
• электрондық тәсілдер:
– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы;
– электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) немесе логин мен парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ Жеке кабинеті (сайтта немесе мобильді қосымшада) арқылы;
– ЭЦҚ пайдалана отырып, электрондық үкімет порталындағы Жеке кабинет арқы-лы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшының ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-пароль арқылы;
• БЖЗҚ-ға тікелей хабарласқан кезде;
• пошта байланысы қызметтері арқылы (пошта хабарларын ақпарат алудың осы тәсілін таңдаған және БЖЗҚ дерекқорындағы пошта мекенжайы өзекті болып қала беретін салымшылар алады).
Әрине, ең жедел тәсіл – БЖЗҚ-ның жеке кабинеті арқылы ақпарат алу. Сондай-ақ, БЖЗҚ-ның смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшасын да пайдалануға болады.
– Смартфон арқылы зейнетақы шотының жай-күйін қалай қадағалауға болады? БЖЗҚ ұялы қосымшасына қалай тіркелуге болады?
– ENPF ұялы қосымшасы – Қордың өзі әзірлеген жоба, оның көмегімен жеке зейнетақы шотыңыздан үзінді көшірме ғана алып қоймай, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, барлық филиалдар мен қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлерін де көруге болады. Сондай-ақ, бұл жерде Сіздерге арналған зейнетақы калькуляторы да орналастырылған, оның көмегімен өзіңіздің болашақ зейнетақыңызды есептеуге болады. Онлайн-бот ең көп қойылатын сұрақтарға жауап береді, ал халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғалар мұнда өтініш жолдау және басқа да көптеген мәселелерін шешу мүмкіндігіне ие.
БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасын өз телефоныңызға Google Play немесе AppStore арқылы тегін жүктеп алсаңыз болады. Ұялы қосымшаға тіркелу үшін Сіздің ұялы телефоныңызға смс-хабарламамен жіберілетін біржолғы парольді пайдаланасыз.
Өз парақшаңызға кіру үшін қосымшада авторланудың да екі тәсілі бар: ЖСН және пароль енгізу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңызды пайдалану, сондай-ақ, ұялы құрылғысында бар болса, пайдаланушы Android үшін Touch ID және IOS үшін Face ID арқылы кіре алады.
ЖСН-ді логин ретінде пайдалану зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу тәсілі ретінде міндетті түрде интернет-ақпараттандыруды таңдауды көздейді. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне бір рет барып, қосымша келісімге қол қойып, enpf.kz сайтында тіркеуден өту қажет.
Сондай-ақ, ENPF ұялы қосымшасында Push хабарламалар бар. Бұл қызметті пайдалану үшін Сіз қосымшаға кіріп, баптаулардағы "push хабарландыруларын қосу/өшіру" қызметін қосуыңыз керек. Осының бәрін жасаған соң, смартфоныңыздың экранында қысқа қалқымалы хабарламалар пайда болады, олар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі туралы уақытылы еске салып отырады.
– Салымшыларға өз болашағын жоспарлау бойынша қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
– "БЖЗҚ" АҚ салымшылары үшін қамсыз қарттықты жоспарлау құралдары ретінде пайдалана алатын тәсілдер алуан түрлі. Бірінші кезекте, әрине, тұрақты зейнетақы аударымдары, себебі, ол – қомақты зейнетақы кепілі. Екінші кеңес – еңбек қызметін бастай отырып, өзінің еңбек қатынастарын ресми түрде, яғни, еңбек шарты бойынша (егер ол тұрақты жұмыс болса) немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша (егер жұмыс уақытша болса, мысалы, жобалық режим, штаттан тыс) рәсімдеу.
Бірінші жағдайда жұмыс беруші (заңды тұлға, жарналарды аудару жөніндегі агент) қызметкердің табысынан 10% мөлшерінде зейнетақы жарналарын аударуға міндетті, екінші жағдайда, егер сіз АҚС шарты бойынша жұмыс істесеңіз, жұмыс беруші биылғы жылғы табысыңыздың 5% аударуы тиіс. Бұл жарналардың түсуін ұдайы бақылап отыру керек. Оның үстіне БЖЗҚ осы тұрғыда барлық мүмкіндіктерді жасап отыр: электрондық жіберілім, enpf.kz сайтындағы жеке кабинет, үнемі жаңартылып отыратын ұялы қосымша, оған дәлел, тағы да қайталап өткім келіп отыр – жақында жарналардың түскені туралы push-хабарлама қажетті функциясы іске қосылды.
Сонымен қатар, Қорда ЖЗШ ашып, өзіңізге ыңғайлы соманы белгілеп, ерікті зейнетақы жарналарын ай сайын өз шотыңызға салып отыруға болады. Бұл жерде аударымдардың мөлшері соншалықты маңызды емес, өйткені, түптеп келгенде, сіздің зейнетақы қоржыныңыздың қаншалықты толық екендігі олардың тұрақты аударылуына байланысты болады.