Ыс тиюден абай болыңыздар!

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кризистік орталығында «Иіс тиюден улану қаупінен қалай сақтануға болады?» тақырыбында брифинг өтті. Өрт сөндірушілер бұл мәселе жылдан жылға өзекті болып бара жатқанын айтуда. Иіс тиюден ажал құшатындар саны жыл өткен сайын артып келеді екен. 2015 жылдың қазан айынан бастап Қостанай облысында 3 адам қаза болған.
Депаратменттің аға инженері Т.Бекмағамбетов мұржадан түтін шығатын жолды жабу кезінде пеш ішінде жанбай қалған шоқ немесе көмірден ыс түзіледі. Мамандар иіс тию қыстың күндері әрі көпшілік ұйқыда жатқанда көп болатынын айтады.
– Департамент қызметкерлерінің жекеменшік үйлерді тексеруге заң бойынша құқығы жоқ. Олардың тек алдын алуға ғана өкілеттілігі кіреді. Аулаларды аралап, пеш құрылғыларын қолдану кезінде қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жазылған парақшалар, брошюралар таратады, – дейді депаратменттің аға инженері С.Оңғарбаева.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓