Ән әуелеген кеш (БЕЙНЕ)

Көктемнің алғашқы аптасы өңірдің рухани өміріне жаңаша леп ала келді. Әсіресе, І.Омаров атындағы облыстық драма театрының көрермендері үшін ерекше оқиғамен есте қалды. Әуелі, режиссер Әлия Баймаханның "Әнім сен едің" /Шәмші туралы тамшылар/ атты сазды қойылымы сахналанды. IMG_7017"Қазақ вальсі королінің" өмірі мен шығармашылығын арқау еткен шығармалар аз емес. Әрине, олардың бәріне мазмұндық сәйкестік, желілік ұқсастық тән, кейіпкер ортақ болғандықтан, ол заңды да шығар. Бірақ әр қойылым көрерменнің сезіміне, көңіл-күйіне әсер ету, эмоциялық толғанысқа бөлеу, таныс образдың бейтаныс қырын көрсету тұрғысынан ерекшеленсе керек. Сазгер туралы бұл жолғы туындыда нақ осындай режиссерлік шеберліктер аңғарылады. IMG_7032Әуелгісі – қазақ әнін жаңа эволюциялық сатыға көтерген өнерпаз, сырлы сазымен бір дәуірді тербеген дала дарынының нанымды сомдалғаны. Көзі тірісінде өзіне де, өнеріне де өгейдей қараған қоғам көрінісі және өзекжарды өміршең туындыларының терең тағдырын түйсінесіз. Алғашқы аяулы сезімі, ардақты анадан көз жазуы, сыған қызы Изольдамен жолының түйісуі… – бәрі-бәрі жазмышының мәңгі мирасына айналды.IMG_7064
IMG_7067
 
IMG_7147
 
IMG_7155
IMG_7181Кереметі сол – қарап отырып, әр қазақтың құлағына әуелден таныс әндердің айрықша әсерлілігін құдды жаңа ғана сезінгендей күй кешесіз. Иә, қойылымның әр иірімі әуенмен әрленіп, әңгіме мен әрекет әдемі үйлесім тауып отырады. Дыбыстық, іс-қимыл эффектілері ерекше баурайды. Әдеттегі шектей шұбатылған ұзын-сонар әсіре әңгімелердің бірі жоқ. Кейіпкерлер мінезі сауатты, өлшеулі қимылдармен, шашаусыз, нақты, іріктелген, ұйқас түріндегі мөлтек диалогтармен  ап-анық беріледі. Әртістер әбден ширыққанын байқатып, рөлдерін шебер алып шықты. Ойнай да білді, ойландыра да алды. Оған тоқтаусыз қошемет көрсеткен көремендердің ыстық ықыласы дәлел.       IMG_7243
IMG_7258
IMG_7268
IMG_7271Қойылым аяқталысымен көрермендер театр фойесіне жиналды. Мұнда өнерсүйер қауымға ұсынылған тосын сый – қара рояль тұр еді. Құнды жәдігердің тарихы кім-кімді де қызықтырғандай. 1980 жылдары Германияда жасалған бұл музыкалық аспапты күйші, композитор, дирижер Нұрғисса Тілендиев тұтынған. Дәулескер домбырашы оны кейіннен КСРО халық әртісі, күміскөмей әнші Роза Бағлановаға тарту еткен. Әйгілі тұлғалардың саусағының табы қалған рояль бүгінде Қазақстанның еңбек ері, белгілі меценат Алмат Тұрсыновқа тиесілі. Тарихи құндылығы ерекше күйсандықты көпшілік назарына ұсыну – театрдың көркемдік жетекшісі Әлия Баймаханның идеясы болатын. Режиссер Дос Құбаш рояль жайлы сырды баян еткенде, көрермендер бір сәт араның ұясындай гуілдеп, таңданыстарын жасыра алмады. Ал, сәл бұрын сахнада өнер көрсеткен әртістер алдарынан шығып, құнды жәдігермен сүйемелденген Шәмші мен Нұрғиссаның әндерін айта бастағанда, ерекше әсерге бөленіп, қосыла шырқады. Осылайша, қазақтың біртуар сазгерлеріне деген құрмет, тағзым ән болып әуеледі.
 
 
 
"Қайырымдылық акция бір күн ғана екен. Алайда, оның әсері мәңгілік есте қаларлық. Бұл жолы қойылым бұрынғылардан әлденеше есе әсерлі болды. Оған Қостанайға әкелінген ұлы композитор тұтынған қара рояль да ықпал етті деп ойлаймыз. Бізге осындай ұмытылмас кеш сыйлаған қазақ драма театрының шығармашылық ұжымына мың алғыс", – деп тарасты көпшілік.    
IMG_7280
 
IMG_7284
IMG_7345
IMG_7339
IMG_7289
IMG_7345
Суреттер мен бейнетаспаларды түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓