Ағайынды дарындар
Қостанайлық ағайындылар Бекболат және Айдар Жазықбаевтардан құралған "BRO" тобы "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" елдің басты телевизиялық жобасының үш кезеңін еңсерді.
21 жастағы Бекболат – жастығына қарамастан тәжірибесі бар әнші. Ол осы уақытқа дейін "алтын микрофон" байқауының Гран-приін қанжығасына байлаған, "Super Qala Kz" тележобасына және ТНТ арнасындағы "Песни" жобасының кастигіне қатысқан. Ол осыдан екі жыл бұрын да "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" байқауына қатысып көрген. Ал Айдар Жазықбаев ағасынан 4 жас кіші, сөйте тұра оның да музыка өнерінде бағындырған жетістіктері олқы емес, атап айтқанда отандық "Балалар дауысы. Қазақстан" және басқа да халықаралық жобаларда бақ сынап көрген, "Алтын микрофон" байқауының лауреаты атанған. Мұнымен қоса, ол Белоруссия елінде өткен "Под крыльями Ориона" байқауында топ жарды. Ол да, ағасы Айдар секілді, жыл бұрын "X FACTOR ҚАЗАҚСТАН" жобасының сахнасына шыққан. Осынау дарынды жұптың жетістіктері жыл озған сайын толығыса беретініне күмән келтірмеуге болады.
Ал, әзірге, жерлестеріміздің әр қадамын аңдап, жеңімпаз атануларын тілеп, барынша жанкүйер боламыз!