Жерлестер жеңіс тұғырында

29-31 наурыз аралығында Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында  "Зов Урала" IV Халықаралық оркестрлер мен ұлт аспаптар ансамбльдерінің байқау-фестивалі өтті. Осы өнер сынынан жерлестеріміз олжамен оралды.
"Оркестрлер мен көркемөнерпаздар ансамбльдері" номинациясы бойынша Алтынсарин ауданының Айбек Сыздықов жетекшілік ететін "Мұрагер" қазақ ұлт аспаптар ансамблі сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, бұл ұжым Ресей, Башқұртстан, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің ең беделді өнерпаздарынан құралған қазылар алқасы үшін үш шығарма орындаған. Олар – Сүгірдің "Бозінгені", Нұртуғанның термесі және Ермұрат Үсеновтің "Қара жорға " туындысы. Байқау қорытындысында "Мұрагер" ансамблі топ жарып, жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Айта кету керек, дәстүрлі байқау-фесиваль пандемияға байланысты қашықтан өткізіліп, қатысушылар шығармалардың бейненұсқасын жолдаған. Сондай-ақ, байқау шарты бойынша, ол бейнежазбалар әлеуметтік желілерге жүктелуі тиіс еді. Осылайша, "Мұрагер" ансамблі Тобыл-Торғай өңірінің ғана емес, Қазақстан Республикасының да намысын қорғап, қанжыға майлап отыр.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓