Әр тұтынушы өз құқығын білуі тиіс

Бүгінгі нарық заманында тауарды қайтарып беру немесе ауыстырып алу мәселелері әлі де болса өзектілігін жоймаған. Күнделікті күйбең тіршілікте қарапайым тұтынушының құқығына нұқсан келтіретін жайттармен жиі кездесіп жатамыз. Сараң саудагерлер «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңды елеместен, себепсіз салдарға сүйеніп, тиісті ақшаны қайтаруға асықпайды. «Тауар қайтарылмайды немесе ауыстырылмайды» деген хабарламаларды кейбір сауда нүктелерінен көруге болады. Алайда, бұл хабарламалардың қаншалықты заңды күші бар екенін аңқау тұтынушы біле бермейді. Тауардың қай жерде, базарда, арзан немесе қымбат дүкенде сатылғанына қарамастан, тұтынушы құқығын қорғайтын арнайы заңның барын естен шығармаған жөн.images (2)Осы түйткілге байланысты «Фемида+» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі  азаматтық бастамаларды қолдау орталығы  мемлекеттік грант аясында  ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бірлескен жобаны қолға алды. «Қостанай облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізу» атты жобасын іске асырмақ. Аталмыш жоба ағымдағы жылдың маусым мен қараша айлары аралығында жүзеге асады. Әлеуметтік жоба бойынша тегін кеңес алып, арыздар, шағымдар, талап-арыздарды жазуға көмек көрсетіледі.
– Бүгінде өндіруші мен тұтынушы арасында көптеген мәселелер туындап жатады. Көп жағдайда қарапайым тұтынушының құқықтары бұзылып жатады. Тұтынушының құқығын қорғайтын арнайы заң барын бәрі де білуге тиіс. Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңның 7 бабында атап көрсетілген. Өнім сіз үшін қауіпсіз болу керек. Баға, ел туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде толық, анық ақпарат алуға құқылысыз. Атап айтқанда, тауардың өндірушісі, өнімнің тұтынушылық сипаты, өнімді пайдалану және сақтау тәсілдері мен ережелері, дайындалған күні, тауардың жарамдылық және кепілдемелік мерзімі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Жазбаша түрде арыз, өтініш ерікті түрде жазылу қажет. Онда тұтынушының мекен-жайы, сатылып алынған тауардың күні мен айы жылы, сауда орнының атауы мен қандай себептермен тауарды қайтармақ екенін көрсетілуі керек.Арыз қанағаттандырылмаған немесе белгіленген тәртіпте қарастырылмаған жағдайда құқықты қорғау үшін кейінгі сотқа жүгіну туралы ескерту жасап, талаптарға негізделген құжаттардың көшірмелерін сақтап қою керек. Өтінішті ескертпесі бар хатпен бірге жіберу қажет. Сатушы (орындаушы) он күн ішінде өтінішке жауап беруге міндетті. 
     Мысал келтірер болсақ, бір тұтынушы киім сататын сауда орталығынан тауарды сатып алып , артынша  тауар көңілінен шықпай айырбастауға келгенінде жеке куәлігін талап еткен. Бұл заң тұрғысынан қайшы әрекет болып саналатындықтан, тұтынушының құқығы бұзылып отыр. Міне, осындай жағдайлар жиі орын алатындықтан  біз тұтынушының құқықтарын  бұзылуының алдын алу мақсатында осындай әлеуметтік жобаны қолға алып отырмыз. Сонымен қатар біз әлеуметтік желілерге де қосыламыз, – дейді "Фемида+" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы Құралай Ахмединова.
Сондай-ақ, тағы бір жәйт бір тұтынушы тұрмысқа қажетті тауар сатып алып,түбіртек талап етпеген. Кейіннен тауардың сапасына көңілі толмай, тапсыруға барғанында түбіртек тұтынушыда болмағандықтан, өндіруші ақшасын қайтарып беруден бас тартқан.Сол себептен түбіртек талап етпегендіктен ақшасын қайтарып ала алмаған. Сондықтан тауар сатып алу барысында мұқият болып, түбіртек талап ету қажет екенін айтады мамандар.
Сонымен қатар, жоба аясында алдағы айларда құқық саласының мамандары облыстың қала мен аудандарын аралауды жоспарлап отыр.
 
Әсел ҚИБАШ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓