Іссапар Рудныйда жалғасты
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласы және Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында болды.
Сапардың негізгі күн тәртібі – «Халық үнніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтық қоғаммен сындарлы диалог құру.
Кездесу форматы «ашық диалог» түрінде өтті, агенттік төрағасы салық төлеушілерден олардың қызмет көрсету сапасына қанағаттанғанын, Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысынан қандай өзгерістерді көргісі келетінін сұрады.
Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы С.А. Ахметов халыққа мемлекеттік қызмет көрсету және салық төлеушілерге жәрдем көрсету жағдайларын жақсарту үшін Мемлекеттік кірістер органдарында ақпараттық жүйелермен жұмыс істеуде практикалық жәрдем көрсету үшін өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеке кабинеттер ашылғанын айтты.