Білім нысандары көбейеді

Сапалы білім беруге қажетті жағдай жасау үшін жыл сайын облыс бюджетінің негізгі бөлігі оның шығыстарына жұмсалады. 2020 жылы олар 43,8% – ке ұлғайып, 115,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы өзінің есеп беру жиынында А.Мұхамбетов айтты.
"Қарасу ауданы Қарасу ауылында 320 орындық мектептің құрылысы жалғасуда. 2021 жылы Қарабалық ауданының Қарабалық кентінде 320 орындық орта мектеп және Қостанай қаласының Береке шағын ауданында 980 орындық орта мектептің құрылысы басталады. Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Қостанай Жоғары медициналық колледжіне арналған 250 орындық жатақхананың құрылысы аяқталды. Қостанай автомобиль көлігі колледжі жанындағы 500 орындық жатақхананың құрылысы жалғасуда", – деді .
«Жас маман» жобасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы 3 колледждің оқу-өндірістік базасы жаңартылды, 2021 жылы облыстың 7 колледжін жаңғырту көзделген. Осы мақсатқа  3,1 млрд. теңге бөлінді.
Білім беру объектілерінің апаттылығына жол бермеу үшін жыл сайын күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізіледі. Мәселен, 2020 жылы 133 білім беру нысанына жөндеу жүргізу үшін бұрын-соңды болмаған 11,2 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 30-ы күрделі жөндеуден өтті, сомасы  – 8,2 млрд. теңге.
"2021 жылға арналған облыстың білім беру саласының бюджеті 9,2% – ке өсіп, 125,9 млрд. теңгені құрады. 6 нысанға ағымдағы, 13 нысанға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ 9 нысанға ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. Автобустарды, физика, химия, биология бойынша оқу кабинеттерін, СТЭМ-зертханаларды, жиһаз, спорт құрал-жабдықтарын сатып алуға және мектеп ғимараттарынан қазандықтарды шығаруға 2,5 млрд.теңге көзделген", – дейді аймақ басшысы.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстың барлық 489 мектебі жоғары жылдамдықты (4 Мбит/с бастап) интернетке қосылған.
Соңғы екі жылда меценаттардың көмегімен облыста 74 IT-сыныбы мен 34 робототехника кабинеті ашылды.
"Қашықтықтан оқытудың сапалы жағдайларын жасау үшін 21 мың бірлік компьютер мен компьютерлік техника және 3 мың бірлік модем мен Wi-Fi роутерлер сатып алынды. Бірінші кезекте отбасылардың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға компьютерлер берілді. Педагогтерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 100% құрайды. Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді, сондай-ақ жылы санитарлық тораптарды орнату аяқталды", – деп түйді облыс әкімі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓