“Өкініш”
Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында белгілі ақын, драматург Ақылбек Шаяхметтің «Өкініш» спектаклінің премьерасы өтті. Жаңа қойылымның алғашқы көрсетіліміне Қостанай облыстық мәдениет басқармасының басшысы Лариса Сероус қатысып, шығармашылық топты құттықтады.
Кешкі сағат алты жарым. Залдың іші лық толы.

Сахнаның төрінде егде тартқан ерлі-зайыптылар. Бір-бірімен мұңдасады, сырласады. Ата-ананың бар ойы баласының жағдайы. Несиеге үй, көлік алып, қарызға белшеден батқан ұлдың қайғысы. Мұндай көріністі қазіргі кез келген отбасыдан көруге болатындай. Несиесі жоқ қазақ аз шығар. Біздің жұртқа қарыз алу, өсім беру тән бе еді? Сахнадағы екінші көрініс келін мен ене және ұлдың диологы. Келін жасы келген ананы қарттар үйіне тапсырайық дейді. Бала бас изейді. Екі ортада шырылдап жүрген – ана. Қария немересін қимайды да. Бірақ оның сөзіне құлақ асып жатқан кім бар?
Келесі көрініс қарттар үйінде өрбиді. Қариялардың бәрінің бала-шағалары, немерелері бар. Бірақ қарттар үйінде тұрып жатыр. Неге? Себебі, оларды жылы ұясынан аластатқан туған балалары. Не үшін? Себебі, ұл мен келін тасжүрек, қатыгез, әлде…Оқиғаның желісі осылайша дамып, шиеленісіп, шарықтап, шалқи жөнеледі. Спектакльді көрермендер қыбыр етпестен тамашалады. Кейбіреуі көздеріндегі жасты көрсетпеуге тырысып, бастарын төмен салып отырды. Бірақ үнсіздіктен ештеңе жасыра алмайсыз. Шынайы нәрсе жүректі дір еткізіп, көкейге ой салады. Сахнадағы көріністер өмірдің өзінен алынған оқиғаға дөп келеді. Қазір қарттар үйінің бар екені шындық. Ондағы ата мен әженің немерелерін сағынатыны да рас шығар. Бауыр еті баласын қызғыштай қорымайтын әке мен шеше жоқ. Торғай екеш торғай да өз ұясын қорғайды. Қарттар үйі деген қайдан шықты? Бұл сауалға спектакльдің кейіпкерлері де жауап іздейді. Шықбермес Шығайбайлардың болғаны о заманнан белгілі. Бірақ ондай Шығайбайлар ата-анасын тентіретіп жіберген жоқ. Қариялардың бірі ұлттық идеологияның жоқтығын сынаса, енді бірі балапан ұяда не көрсе өскенде соны ілер деген тәмсілді алға тартады. Қоғамның кісілік, кішілік, мейірімге сусап жатқаны да сөз болады. Бұған теледидардан көрсетіліп жатқан атыс-шабысты қосыңыз. Көк жәшік әдеп туралы неге айтпайды? Елу минуттық спектакль лезде өте шықты. Қойылымның уақыты ұзақ та емес, қысқа да емес. Көрушіні жалықтырған жоқ. Алайда, көрермендердің дені үлкендер. Жастар бірең-сараң. Неге? Десек те қариялардың рольдерін сомдаған артистер жастар. Олардың ойнау шеберлігі көңілден шықты. Бірақ, ұлдың ролін сомдаған актерге сәл шынайылық жетпей қалғандай. Анасын қарттар үйіне баруға көндірген сәттегі көріністе баланың жан күйзелісін көргіміз келді. Бірақ ұлы суық хабарды жай ғана сөзбен айта салды. Дауыс дірілі, жүрек лүпілі талып естілді. Бәлкім, баланың анаға деген махаббаты сондай суық шығар немесе бұл шешімнің арты немен тынарын дұрыс түсініп, сезінбеген шгығар. Спектакльдің аты – «Өкініш». Олай болса, актер кейіпкердің эмоциясын дәл жеткізген болады. Өйткені, адам маңдайына таяқ тигенше ненің дұрыс, ненің қате екенін сезбейді де. Декорация. Әсіресе, темірден торланып жасалған бөлмелер қарттар үйіндегі көріністі көз алдыңызға алып келеді. Шынында да қариялар қуықтай бөлмелерде, торға түскен тағдырлар деп те осыны айт. Адамда өкініш көп қой. Ең қиыны өкініштің орнын толтыру. Өткенге оралу мүмкін емес. Уақыттың еншісінде кеткен өкінішті кері қайтара алмайсыз. Әсіресе, бала тәрбиесінде жіберген қателікті түзету мүмкін еместей көрінеді. Себебі, қисық өскен ағашты түзетемін десеңіз сындырып аласыз. Спектакльден әркім түрлі ой түйеді. Біздің ойымызға тасжүрек, тастанды, тасбауыр, тәрбие деген түсініктер келді. Тәрбие дұрыс болса тастанды бала мен тентіреген қария, тасжүрек ұл мен қыз да болмас еді. Тәрбие тал бесіктен деген осы да.
Р/S: Спектакльдің қоюшы режиссері – Ержан Қауленов. Шығарманың авторы мен қоюшы режиссері көрермен алдына шыққанда ду қол шапалақ соғылды. Сол сәттегі залдағы қошеметті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.