Қардан кейінгі қарбалас
Қостанайда қар 16 сағат бойы толассыз жауып, қала тұрғындарының жүріс-тұрысын едәуір қиындатты. Қазір коммуналдық қызметшілер, мердігер ұйым өкілдері күндіз-түні дамылсыз жұмыс істеп жатыр.






Бөлім басшысының айтуынша, қардан тазалау жұмыстары 3 деңгей бойынша жүргізіледі. Әуелгі кезекте магистральді жолдар, яғни жолаушылар көлігі жүретін және әлеуметтік нысандарға кіретін жолдар аршылады. Одан кейін жұмысшылар жеке секторларға көшеді. 1-деңгейге жатқызылған аумақтардағы қарды тысқа шығарудың өзіне 2-3 күн жұмсалмақ.


Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков