COVID-19: +49

5 қарашада Қостанай облысында коронавирус инфекциясын 49 адам жұқтырды.коронавирусАтап айтқанда,Қостанай қаласынан 23 адам, Қостанай ауданынан 7, Жітіқара қаласынан 6, Лисаков қаласынан 3,  Қарабалық ауданынан 2, Ұзынкөл ауданынан 2 және Арқалық қаласы, Әулиекөл, Меңдіқара, Федоров, Денисов аудандарынан 1 адамнан індетке шалдыққан. 
34 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді,  2 адам стационарға жатқызар алдында эпидқадағалау мақсатында қаралған, 8 адамға мемлекеттік шекараны автоөткел арқылы кесіп өту кезінде диагноз қойылды, 1 адам  коронавирус инфекция расталған адаммен байланыста болған, 1 адам вахталық жұмысқа орналасқан кезінде тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 34 адамда ауру белгілері болды, 15 адам симптомсыз түрін жұқтырған.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.  
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 5 қараша аралығында COVID-19  індетіне 3753 адам шақдыққан, 3225 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓