Жол күтіміне салғырт қараған

Қостанайда республикалық маңызы бар автожолдарды тиісті дәрежеде ұстамағаны үшін Қостанай облысының лауазымды 126 қызметкері жауапқа тартылды.3af23633-280f-4944-a626-939aadde183eОблыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Андрей Григорьевскийдің айтуынша, жолдағы қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында облыстың автожолдарына рейд жүргізіледі. 
2020 жылдың 10 айында облыстық ПД әкімшілік полициясының жол-техникалық инспекциясы бөлімшелері жалпы қолданыстағы автожолдарға 1255 тексеру жүргізілген. Арнайы топ 17 мың шақырымнан астам жолдың сапасын тексерді. Оның қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға 1473 ұйғарым жіберілді. 
«Қазақавтожол» ЖШС ҚОФ және Қостанай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірігіп, автомобиль жолдарының күз айларына дайындығы тексерілді. Жол күтіміне салғырт қараған 126 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Айыппұл сомасы 3,5 млн теңгені құрайды. 252e88fe-69dd-4480-a326-3dac07229562Мысалы, М-36 «Екатеринбург-Алматы» халықаралық маңызы бар автожолына (535-тен 685 км-ге дейін) қойылған жол белгілері ҚР СТ 2607-2017 стандартына сәйкес келмейді. Жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін осы учаскедегі жұмыстарды жүзеге асыратын лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», делінген ведомство хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓