Тәуелсіздік – жалпыға ортақ еңбек!

DSCN0603Шолпан Жамантаева:
№9 орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары:
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың отандық жетекші телеарналардың журналистерімен сұхбатын теледидардан тамашаладым. Кездесу қатты ұнады. Неге десеңіз, онда ел ішіндегі қазіргі ахуал туралы айтылды.
Бәріміз алаңдап отырған Украинадағы ахуал, Ресей экономикасы зардап шегіп жатқан санкциялар жайлы сөз болды. Елбасы әлемдік экономикалық жағдайларға кеңірек тоқталып, мәселенің ара-жігін ашып айтып берді. Санкциялардың ықпалы Қазақстанға тікелей әсер етпейді деді. Бірақ, Ресей – біздің негізгі серіктесіміз. Елбасы аталған жағдайлардың бәрін бақылауда ұстайтынын айтты. Мұндай дағдарыс 2007-2009 жылдары да болды. Оның бәрін Мемлекет басшысының кемел саясатының арқасында еңсердік.
Елбасының сөзінен маған қатты ұнағаны, тәуелсіздік туралы айтқаны. "Тәуелсіздік алу бар да, оны сақтап қалу бар. Тәуелсіздікті сақтап қалатын елдің мықты экономикасы, мықты қорғанысы, сауатты азаматтары болуы керек. Мықты экономика еңбексіз қалай болады?" деді Елбасы. Яғни, тәуелсіздік пен еңбек екеуі сабақтас. Еңбек еткеннің күнкөрісі де жақсарады. "Еңбек етсең ерінбей тояды қарның тіленбей" деген халық даналығы бар емес пе?! Осы ойды кейінгі толқын дұрыс түсініп, еңбек етуге асықса деймін. Елбасы өз сөзінде "Адамның қандай мамандық таңдағаны маңызды емес, мәселе оның өз ісінің шебері бол-ғандығында" деді. Қазір жастардың түсінігі басқа. Олар тезірек байысам дейді. Мамандық таңдауда заңгер, қаржыгер болуды мақсат тұтады. Шын мәнінде, мамандықты бөліп-жарып керегі жоқ. Ең бастысы өзің ұнатқан кәсіппен айналысып, пайда табу емес пе. Өмірдің мәні дүние, мал-мүлік, атақ-абырой жинауда емес. Өз қабілетің жететін істі игеріп, адал еңбекпен нан табу.
Ұлт Көшбасшысы журналистердің бір де бір сұрағын жауапсыз қалдырмады. Тіпті тілшілердің тілегін ескеріп, ән де айтып берді. Н.Ә.Назарбаев халық әні "Бір баланы" орындағанда жүрегім елжіреп, көзіме жас келді. Елбасы қазақтың әнін тамылжыта шырқады. Қой  үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт елде ғана ән айтылады емес пе. Мәңгілік Қазақ елінде тек әдемі әндер шырқалсын!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓