Қарттарымыз қашанда құрметке лайықты

20140930_161630Жалпы Б.Хамзин атындағы өнер мектебінің ұстаздары аудан көлеміндегі айтулы мерекелердің өтуіне ат үсті қарамайтын, керсінше тың ойлар мен жаңашылдықты талап ете білетін ұжым. Оған өнер сүйер қауым да, бізде талай мәрте куә болдық.
Бұл жолы да осы үрдісті ұстан-ған өнер мектебінің ұстаздары "Халықаралық Қарттар күні" мерекесі қарсаңында өнер саласына өзіндік үлестерін қосқан қарт әжелерімізге құрмет көрсетті.
Алдымен өнер мектебінің 1 сыныбына қабылданған дарынды балаларға әжелеріміз аталмыш мектептің суреті бейнеленген төсбелгісін салтанатты түрде кеуде тұстарына тағып, аналық ақ баталарын берді. Салтанатты рәсімнен кейін әжелеріміз немерелерімен бірге мектеп ауласын гүлдендіру мақсатында ағаш отырғызып, естелік суреттерге түсті.
Әжелерімізді мерекелерімен құттықтау үшін өнер мектебіне арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров өнегелі өмірлері жас ұрпаққа үлгі бол-ған қарттарымыздың дендеріне саулық, отбастарына амандық тіледі.
Өнер мектебінің өнерлі оқушылары "Қарттарым – алтын қазынам" атты мерекелік ән-шашуларын тарту етті. Сонымен қатар әжелеріміз жансыз қуыршақты сөйлетіп, халық ертегілерін сомдай білген  мектеп оқушыларының әртістік қабілеттеріне тәнті болды.
Мерекелік  ақ дастархан басында ақ тілектер айтылып, әжелеріміз мектеп ұжымының көрсетіп жатқан шексіз құрметтеріне ризашылықтарын жеткізді. Ал мектеп директоры Жанар Асанханқызы өзінің жүрекжарды тілегін ақ жаулықты әжелерге білдіріп, естелік сый-сияпаттар табыс етті.
 Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓