Шығын – 5 млн теңге

Рудный қаласының полиция басқармасының қызметкерлері жалпы құны 5 000 000 теңгеге болатын алтын бұйымдар ұрлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.Без названия (1)
Ұрлық 30 тамызда Корчагин көшесіндегі «ГУМ» сауда орталығының бутиктерінің бірінде жасалған. Белгісіз азамат жертөледегі еденді бұзып, зергерлік дүкенге кіріп, ұрлық жасаған.
Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 24 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта бұл қылмысқа тағы бір күдіктінің қатысы бар екені анықталды. Тәртіп сақшылары екінші күдіктіні іздеу шараларын жүргізуде.
ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұрланған бұйымдардың жартысына жуығы Қостанай қаласының ломбардтарынан табылды.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓