Алаяқ зейнеткерлерді сан соқтырған

Рудный қаласының тәртіп сақшылары көп пәтерлі үйлердің тұрғындарынан ақша ұрлаған 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.674737eb-f87e-4f45-a50a-65fe26409ec3Қаскүнем зейнет жасындағы кісілерді алдап келген. Ол өзін үй тазалаушы ретінде таныстырып, кірберісті тазалау үшін ақша жинаған.
Күдіктінің бір құрбаны -– 87 жастағы зейнеткер. Алдау жолымен жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып, сөмкесінен 9 мың теңге ақша ұрлап, белгісіз бағытқа тайып тұрған.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Рудный қаласының ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Зардап шеккен зейнеткер "жалған тазалаушының" түрін бірден таныған.
Бұған дейін сот күдіктіні осыған ұқсас 13 қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқан болатын.
Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне ("ұрлық") сүйеніп, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша тергеуде. Баптың санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкін тәркілеп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Күдікті Рудный қаласының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер азаматтардан барынша сақ болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді және пәтерге бөтен адамдарды кіргізбеуді сұрайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓