Көне жәдігерлермен ұсталды
Қостанай облысындағы "Қайрақ" автокөлік бекетінде көне ақшалар мен қаруды заңсыз алып өтпек болған ресейлік азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.
Қостанайлық шекарашылар Ресей Федерациясы азаматының жүк көлігін тексеру кезінде мемлекеттік шекарадан алып шығуға тыйым салынған заттарды тәркіледі."Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде ресейлік көлік күдік тудырған. Жіті тексеру кезінде одан 600 дана көне монета мен 100 данаға жуық қағаз ақша, сондай-ақ, бір тал тапанша және оқтары табылды", – делінеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.