Жұрт алаңы – жол жайы

Қостанай-Нұр-Сұлтан және Қостанай-Троицк (РФ шекарасы) автожолдарында ақылы жүйе енгізу мәселесіне қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Бұл жайында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай облысының орталығында, сондай-ақ Әулиекөл, Федоров, Қарабалық, Қарасу және Қостанай аудандарында өткен қоғамдық тыңдау барысында «Қазавтожол» ұлттық компаниясының өкілдері аталған жолдар 2-техникалық санатқа жататынын, сондықтан жеңіл автомобильдердің жүруі тегін болып қала беретінін айтқан.
Сонымен қатар, компания мамандары республикалық маңызы бар Қостанай-Нұр-Сұлтан тас жолын кеңейту мүмкіндігіне қатысты халықтың сұрағына жауап берді. Тұрғындардың атап өтуінше, аталған тар жолмен ауыр жүк көліктері жиі жүреді. Соның салдарынан аймақта жол апаты жиілеп тұр.
«Автомобиль жолдарының мемлекеттік стандартына сәйкес, төрт жолақты жол тәулігіне қарқыны 7 мыңнан астам көлік жүріп өтетін 1-техникалық санатқа жатады. Қазіргі уақытта Қостанай-Нұр-Сұлтан автожолының жүктемесі тәулігіне 5 мың автомобильден аспайды. Бұл 2 немесе 3-санаттағы екі жолақты жолға қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Сондықтан, қосымша жолақтар салу туралы шешім қабылдау үшін көрсетілген учаскедегі қозғалыс қарқындылығы кем дегенде 30 пайызға артуы керек», – деп түсіндіреді ұлттық компания мамандары.
Айта кету керек, қоғамдық тыңдау барысында жергілікті тұрғындар «ҚазАвтоЖол» басшылығына жолдаған ұсыныстарын хаттамаға енгізуді талап еткен. Атап айтқанда, олар облыс ауымағында ауыл шаруашылығы техникасының, коммуналдық қызмет пен азық-түлік тауарларын тасымалдайтын және басқа да жергілікті жүк көліктерінің ақылы жолдармен тегін жүруін қарастыруды сұраған. Тұрғындардың пайымынша, мұндай жеңілдік коммуналдық қызметтер мен азық-түлік бағасының күрт өсуіне тосқауыл болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓