5-қабаттан құлап кетті
Төтенше жайт Қостанай қаласында Дзержинский көшесіндегі үйде 18 желтоқсан күні болған. Оқиға туралы белгісіз азаматтан 102 қызметтік нөміріне хабарлама келген.
Қоңырау шалушы 5 қабатты үйден әлдекімнің құлап кеткенін көргені туралы айтқан. Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы барады. Қар үстінде азамат жатқан. Кейін анықталғандай, 38 жастағы осы үй тұрғыны екен. Ажалдан аман. 5-қабаттан абайсыздықтан құлап кеткенін өз аузымен айтып берген.
Қазір ол қалалық аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, құлар кезде ол мас болған. Жамбас сүйегі мен қолы сынғаны болмаса, өміріне аса қауіп төніп тұрған жоқ.