COVID-19: +15

2 қарашада Қостанай облысында COVID-19 дертін 15 адамның жұқтырғаны белгілі болды.  коронаАтап айтқанда, Қостанай қаласының 9 тұрғыны, Рудный қаласынан 2, Арқалық  қаласынан 2 адам, Сарыкөл ауданының 2 тұрғыны кеселге шалдыққан. 
3 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезінде инфекция жұқтырғанын білген,  тағы 3 адам осыған дейін коронавирус індетіне шалдыққан адамдармен байланыста болған, 4 адам стационарға жатқызар алдында тексерілген кезде, 5 адам  «Қайрақ» және «Аят» СКП арқылы мемлекеттік шекарадан өту барысында анықталды. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 4 адамнан аурудың симптомды, 11 адамнан симптомсыз түрі анықталды.  
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. 
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2 қараша айлары аралығында COVID-19 індетін жұқтырудың 3669 жағдайы тіркелді.3212 адам емделіп шыққан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓