“Асық Party” Арқалықта
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының мультимедиялық студиясының ұйымдастыруымен "Ұлттық бренд" атты жаңа танымдық телебағдарлама тұсауын кесті.
Ұлттық құндылықтарды дәріп-теу, насихаттау, ұлттық сананы ояту, жастар мен жасөспірімдер-дің ұлттық мұраға деген көзқарасы мен дүниетанымын қалыптас-тыруды басты мақсат етіп қойған бағдарламаның алғашқы бөлімі ұлттық асық ойындарына арналды. Тәуелсіз еліміздің 4 мегаполисінде өткен "Асық Party" акция-сы осылайша алып шаһарлардан кейінгі алтын шынжыр дәстү-рін Арқалық қаласында жалғастырды.
Институттың дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқы-тушысы Медет Ғалымжанұлы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, белгілі қолөнер шебері Шөптібай Байділдин, айтыскер ақын, ғалым Айбек Қалиевтар төрешілік жасаған бағдарламаға институт ректорының кеңесшісі Қонысбай Ағуанұлы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Шадияр Аспандиярұлы, институт мамандары Оразбек Әлімбекұлы, Ахмет Жеңісхан және асық ойынын сүйетін студенттер қатысты.
Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен марапат қағаздары бе-рілді. Ұлықталған ұлттық ойынның өтуіне "Виктория", "Каспий" дүкендері, "Мирас" компьютер орталығы, қалалық мешіт және инс-титут кафедралары демеушілік танытты.
Мұрат
Жүнісұлы
Арқалық қаласы.
Жаксы екен Аркгпи тек алга