Тамағы тоқтық…

"Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық аздырар адам баласын". Ғұлама Абай  ғасыр бұрын айтып кеткен тәмсілде қарап тұрсаңыз қаншама мән бар. Жасы бар жасамысы бар қайтсек жақсы тірлік кешеміз деп жанталасқан мынау заманда, бәлкім, бұл сөзіме кейбіреулер келіспес. Дей тұрғанымен, нарықтық экономиканың мәнін түсінбей әлі де масылдық санадан арыла алмай жатқан замандастарымыз да бар.
photoАрқалықтық Нұргүлдің жасы бар болғаны 34-те. Бес баласымен жолдасынан ажырасқан ол тұрмысының ауырлығын айтып талай жерге хат та жазды, талай табалдырықты тоздырды да. Қалалық әкімдіктегілер оны арнайы тұрмысы  төмен отбасыларға арналған жатақханаға орналастырды.  Бөлмесінің шағындығын, жөндеу көрмегендігін айтып шағымданған соң  өзі қалағанындай кең бөлмеге ауыстырып та берді. Азғантай коммуналдық төлемақысының көбейіп кеткенін айтып жылаған оны жұмыспен қамтамасыз ету жағы да ескерілді. Алайда еңбекке қабілетті келіншек көше сыпыруды ар көрді. Денсаулығым жарамайды деген желеумен еден жуудан да бас тартыпты.
Күлбақыт ӘлиакБарқызы,
Арқалық қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:
– Шыны керек, қазір адамдар кедейміз деуге арланбайтын болып алды. Тиісті міндетіміз болғаннан соң тауып берген жұмыстың өзінен қаншама рет бас тартқаны туралы бұл әйелдің қолхаты да бар. Ай сайын мемлекеттен алатын 43 мың  теңге жәрдемақысы мен қоғамдық жұмыстан алатын 36 мың теңге ақшаны ұқсата білсе, жап-жақсы өмір сүруге болар еді ғой. Әттең , жұмыс істеуге құлқы жоқ.
Маман осылай дейді. Кеңейтілген еркін әңгіме барысында Нұргүлдің бұған айтар ешқандай уәжі болмады. Жағдайдың бәрі өзіне байланысты бола  тұра,  алақан жайып тиісті орындарға не үшін жүгіргенін өзі де түсінбейді.
Нұргүл, 34 жаста, Арқалық қаласының тұрғыны:
– Жұмыс істеуге денсаулығым жарамайды. Құдайдың берген балаларын қалай жеткізерімді білмеймін. Жәрдемақы жеткіліксіз.
Елбасының "Еңбек қоғамына қарай 20 қадам" атты мақаласында да  баса  айтылғандай,  адам өмірінің мәні – еңбек. Қазір екі қолға бір күрек ұстаған епсектілердің дәурені жүріп тұрған шақ. Төккен теріңе сай еңбегіңнің жемісін жейсің. "Алма піс, аузыма түстің" уақыты өткелі қашан.
Күнжан
           Әбеу
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓