Онлайн қабылдау
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті табиғи монополиялар субъектілері, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының филиалы, жергілікті атқарушы органдар, және де бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын онлайн режимде өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Тұтынушыларды қабылдау онлайн режимде 2020 жылғы 3 қарашада сағат 15:00-де «FACEBOOK» қосымшасы бойынша Департамент басшысы Ташпанов Ақан Амантайұлының ресми парақшасында https://www.facebook.com/profile.php?id=100037882178887&tn-str=*F сілтемесі бойынша өтеді.
Тұтынушылардың қоғамдық қабылдауына қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша немесе «FACEBOOK» қосымшасында Департамент басшысы Ақан Ташпановтың есімін іздеу батырмасына енгізу арқылы өтуге болады.
Осыған байланысты, Департамент Қостанай облысының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Әрбір тілек білдірген адам онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 53-52-40.