Той-думан ұлттық ойындармен жалғасты

Облыс орталығындағы Наурыз тойы іргелес жатқан Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромындағы ұлттық спорт ойындарымен жалғасты. Алдымен, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов құттықтады.IMG-20180321-WA0038
 
IMG_4404
IMG_4414Мұнда жиылған жұрт қыз қуу мен аударыспақ ойынын да тамашалады. Білектілер үшін қойды мойынға салып көтеруден жарыс ұйымдастырылды. 80 келіге дейінгі қатысушылар арасынан Виктор Цирик озды. Ол қойды 2 минутта 52 рет көтерді. Ал ауыр салмақта сынға түскендердің сыйлығын Анатолий Мулин олжалады. Анатолий қойды 71 рет иығынан асырды. e367e8fc-468f-4d8e-9fae-56b316a6bfbf (1)
 
IMG_4511
IMG_4493Ал бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен және Ресейден шабандоздар жиналыпты. Әуелі, 3 шақырымдық тоқ бәйгенің жеңімпаздары анықталды. Бір қызығы, жүлделі үш орынды Жітіқара ауданының құнандары өзара бөлісті. Бас бәйге Ернұр Құтеген есімді шабандоздың еншісінде кетті.IMG_4479
 
IMG_4481Мұнан соң танауын көкке шаншытып, кекілін жел тараған 26 күлік аламанға түсті. Мәреге екі айналым қалғанда шын сәйгүліктер алға суырылып шығып, қалғандарынан аралары алшақтай бастады. Жұрт көмбеге беттеген жүйріктерді қиқулап қарсы алып жатты. Сонымен, Ресейден әкелінген «Юмор» атты арғымақ бас жүлдені еншіледі. Оның иесі – Рамиль Салахов. Жітіқаралық Хансұлтан Жандәулет мінген «Торғын» тұлпары мәре сызығын екінші болып кесті. Үздік үштікте – «Зарбина». Бұл сәйгүлік Таран ауданынан қатыстырылды.IMG_4480
IMG_4446
 
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓