Жеңісті жол жалғасуда (БЕЙНЕШОЛУ)
Бүгін ҚР біріншілігінің 12-турында "Тобыл" Қарағандының "Шахтер" командасымен кездесті. Ойын Теміртау қаласында өтті. Тартысты ойын қонақтар пайдасына шешілді. Гол соғатын мүмкіндіктер қос команда да болды, бірақ матч 0:1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды соққан – Д.Мирошниченко. Осылайша "Тобыл" турнирлік кестедегі үшінші орнын сақтап қалды. Енді қостанайлық команда 31 мамыр күні өз алаңында "Қызыл-Жар СК" командасын қабылдайды.