Ашықтық пен жариялылық науқаны

сайт2
Бүгін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалатын болады.
Бұл бізге не береді? Әрине, жаңа мүмкіндіктер кезеңі басталады деген сөз, сайлауға бірнеше ғана ай қалды, дегенмен уақыт зымырап өтетіні ақиқат.
Парламенттің және жергілікті өкілді органдардың жаңартылған құрамы еліміздегі әлеуметтік-экономикалық реформаларды сапалы әрі заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге баса мән береді. «Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды», – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің осы сөздерімен толықтай келісемін.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді», – деуі де көңілге қонымды. Бұл тәуелсіз еліміздің нәзік жандылар мен жастарға жоғары сенім арта бастағанының көрінісі.
Шынымен де біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи міндетін лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық.
 
Несібелі Бәсенова,
Өңірлік жеке сот орындаушылар палатасының төрайымы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓