Мал ұрлығы азайды

      Арқалық қаласы бойынша мал ұрлығы 17,6 % төмендеген. Бұл жөнінде қала әкімінің кезекті аппарат жиынында Ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Талғат Балғожин мәлімдеді.  Яғни, 2019 жылы 14 қылмыс (2018 ж – 17) тіркелген.
      Қала аумағында мал ұрлығының азаюына – жергілікті тәртіп сақшыларының бастамасымен өткізілген «Мал ұрысы», «Соғым» алдын алу іс– шараларынының да септігі тиген сыңайлы.
    Ағымдағы жылы мал ұрлығының себептері мен жағдайларына жол бермеу мақсатында қалалық ішкі істер басқармасы күштерімен, жергілікті өзін – өзі басқару органдарымен, сондай – ақ «Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ – мен бірлесе отырып, фермерлік шаруашылықтардың басшыларына және жеке тұлғаларға түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Барлық мал иелеріне аталған қылмыс түрін ауыздықтау үшін жадынамалар таратылыпты. Халықпен болған кездесулерде жергілікті әкімдіктердің, мал иелерінің және бақташылардың арасында үш жақты келісім – шарт жасау туралы мәселе көтерілуде.
 
М.Бекетұлы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓