Меморандумға қол қойды

«Еуразиялық топ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай облысында бірнеше әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Бүгін тағы да кәсіпорын басшылары облыс әкімдігімен 2,2 млрд. теңгенің меморандумына қол қойды.
Қостанайға арнайы іссапармен келген «Еуразиялық топ» компаниясы директорлары кеңесінің төрағасы А.Машкевич пен облыс әкімі А.Мұхамбетов кәсіпорындардың қызметкерлері үшін тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім-шартқа отырды.IMG_4136 Нақтырақ айтар болсақ, осы меморандум аясында Рудный, Лисаков қалалары мен Қашар елді мекеніндегі тау-кен байыту кәсіпорындарының жұмыскерлеріне арналған төмен пайызбен несиелендіру арқылы берілетін тұрғын үйлер салынбақ. Бұл мақсатқа 2,2 млрд. теңге бөлінеді. Осы бойынша өңірде екі тұрғын үй мен екі жатақхана салынады. Игі бастама аясында 250 отбасы пәтермен қамтылмақ. Жалпы, бұған дейін де компания біздің облыс үшін өз есебінен 2,6 млрд. теңге қаржы жұмсап, осылайша әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға үлес қосып келеді.IMG_4126
-Әлемдік дағдарысқа қарамастан еліміздің ірі кәсіпорындары ел үшін игілікті істерді жалғастырып келеді. Олар жергілікті жерлердегі әлеуметтік саланың дамуына атсалысуда. Бұл игі жұмыстар әріқарай жалғасын таба береді, – дейді облыс әкімі А.Мұхамбетов.IMG_4117
Компанияның директорлар кеңесінің төрағасы А.Машкевич те облыс әкімідігімен әріптестік қарым-қатынасты одан әрі дамытып, облыс тұрғындарының мәселесін шешуге, өңірдің экономикасының өркендеуіне атсалыса беретіндіктерін жеткізді.
 
Қарлығаш ОСПАНОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕБЕКОВ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓