Рух берген «Рухани қазына»

сайт15

Биыл еліміздегі індет барлық салалармен қатар мәдениет мекемелеріне де оңай тиген жоқ. Пандемия кезінде олар шығармашылық белсенділігін жаңа қырынан – онлайн тұрғыда көрсете алды. Мұның өзі қандай шектеу де рухани сала қызметкерлеріне кедергі бола алмағанының айғағы. Кітапханаларда, концерттік залдарда, шағын орындарда қашықтан жиындар, конференциялар, концерттер өткізіп, елдің ықыласына бөленіп жатыр.           
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында «Рухани қазына-2020» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған облыстық байқауға Қостанай облысының мемлекеттік музейлері, кітапханалары, Мәдениет үйлері, ауыл клубтары, сондай-ақ мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Оның ауқымы да кеңейіп келеді.
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары осы сынның ІІІ Республикалық айналымына қатысуға мүмкіндік алды. Оған еліміздің 119 кітапханасынан, 90 мәдени-ойын-сауық орталықтарынан және 50 музейінен барлығы 259 өтінім қабылданған. Республикалық сынның қорытындысы бойынша 50 аталымның алтауын Қостанай облысының үміткерлері жеңіп алды.
– Облыстық кезеңде 64 өтінім келіп түсті. Комиссия олардың арасынан үздіктерін анықтады. Республикалық кезеңге өткен үміткерлеріміз аймағымыздың намысын абыроймен қорғап, мерейін асқақтатты. Өнер-мәдениет, үздік ұжымдар сынға түскен республикалық «Рухани қазына-2020» фестивалінде Қостанай өңірі 6 номинация мен арнайы сыйлықтардың жеңімпазы атанды. Бұл – біздің кәсіби қызметіміз бен жүйелі жұмыстарымыздың нәтижесі, – деді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов құттықтау сөзінде.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 8 үздік мәдени ұйым, 8 үздік мәдениет қызметкері, сондай-ақ осы жылы жаңадан қосылған «Мәдениет жанашыры» және «Бір отбасы – бір кәсіп» аталымдары бойынша 2 жеңімпаз анықталды. Мұның сыртында, биыл «Карантин кезіндегі белсенді қызметі үшін» аталымы бойынша 6 үздік оза шауып, 1 үміткер «Ғазиза Жұбанова атындағы арнайы сыйлыққа» ие болды.
«Рухани қазына-2020» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаз ұжымдарына 100 мың, ал үздік қызметкерлерге 50 мың теңгеден табысталып отыр. Барлық қаражат ұжымдардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге, сондай-ақ мәдениет саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталады.
Марапат иелері арасында «Үздік көркем өнерпаздар ұжымы – 2020» номинациясының жеңімпазы Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Мұрагер» халықтық ұлт аспаптар ансамблі. Айбек Сыздықов жетекшілік ететін ұжым бұған дейін де талай байқауларда топ жарды. Айбек Әлімжанұлының да жеке басының жетістігі аз емес. Жангелдин ауданы Сарысу елдімекенінің тумасы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті әуез факультетінің түлегі. Өңіріміздегі өнер саласының майталманы, домбырашы, марқұм Абай Әмірхановтың дәрісін алған ән, күй өнерінен өңірлік, республикалық, халықаралық байқауларда лауреат атанып келеді. Облыстық меценаттар клубы «Шабыт» сыйлығының иегері.
сайт9
– Бұл марапат біздің ұжымдық еңбегіміздің жемісі әрі ауданымыздың мерейі. Биылғы жыл барлығымыз үшін ауыр болса да, тыңдарман қауыммен онлайн концерттер беру арқылы жүздесіп отырдық. Бір жағы мұндай қашықтан өтетін концерттің ауқымы кең, себебі Facebook, Instagram желілері арқылы хабарлама бересің, осы әлеуметтік кеңістік арқылы тікелей эфирде өнер көрсетеміз. Бізді алыс-жақындағы барлық таныстарымыз, басқа да көрермен тыңдап, пікрлерін, жылы лебіздерін желі арқылы жолдап жатыр. Әрине, жайма-шуақ күндердегідей сахнаға шығып, көрермен алдында өнер көрсетіп, қызмет қылғанға не жетсін! Амандық болса, ол күндер де алыс емес, – деді Айбек Сыздықов.
 
Қостанай облысының мәдениет және өнер
ұйымдары мен қызметкерлерінің
«Рухани қазына-2020» байқауының жеңімпаздары
 
«ҮЗДІК МЕКЕМЕ» номинациясы: 
 
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ы. Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейі
 
Аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Денисов тарихи-өлкетану музейі.
 
Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік кітапхана – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Ы.Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.
 
Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана – Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Денисов орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Денисов орталық аудандық балалар кітапханасы.
 
Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана – Қарасу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің Қарасу орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Октябрь ауылдық үлгілі кітапханасы.
 
Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Облыстық қөркемөнерпаздардың халықшығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
 
Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік мәдениет үйі – Қостанай ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени-демалыс орталығы, «Алтын дән» мәдениет үйі.
 
Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік Мәдениет үйі – Амангелді ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қазыбек Әбенов атындағы мәдениет үйіне қарасты Есір ауылдық клубы.
 
Үздік мемлекеттік театр – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Облыстық орыс драма театры.
 
Жыл меценаты «Варваринское» АҚ басшысы Игорь Николишин (меценат Бейімбет Майлин ауданы Елизаветин ауылының Набережный мәдениет үйіне 9 млн теңгеге қазандық орнатып демеушілік көрсетті).
сайт1
сайт2сайт3сайт4
«ҮЗДІК ҚЫЗМЕТКЕР» номинациясы:
 
Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Арқалық қаласындағы дала өлкесі тарихы облыстық музейінің бас сақтаушысы Жанар Қалиева.
 
Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері – облыстық және республикалық кезеңінің жеңімпазы атанған Айжан Ергазиева.
 
Үздік облыстық маңызы бар кітапхана мемлекеттік қызметкері – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкетану әдебиеттері бөлімі әдеби-ақпараттық секторының меңгерушісі Алексей Олексюк.
 
Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері –  Жангелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашысы Әмірхан Ағытаев.
 
«Рухани қазына» байқауының облыстық және республикалық кезеңінің Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік кітапхана қызметкері номинациясы бойынша жеңімпазы атанған Наурызым ауданының  орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Шилі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжазира Бірмағамбетова.
 
Облыстық және республикалық кезеңінің Үздік облыстық мәдени ойын-сауық кешені қызметкері номинациясының жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Облыстық қөркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының медиа сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Кайрат Кулов.
 
Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік Мәдениет үйі қызметкері номинациясының облыстық және республикалық кезеңінің жеңімпазы Арқалық қалалық мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Миргүл Мұсабекова.
 
Үздік ауылдық маңызы бар мемлекеттік Мәдениет үйі қызметкері – Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі, Москалев ауылдық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Бағыткүл Жамахина.
 
Театр мен концерттік мекеменің үздік қызметкері – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері Берік Оразалин.
 
«Рухани қазына» байқауының Үздік мемлекеттік кітапхана сайты номинациясының жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
 
Үздік мәдениет үйі мен сарайының, сондай-ақ клубтардың онлайн жобасы – 2020 номинациясында  «Отбасы – ел тірегі» жобасы бойынша жеңімпазы – Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Облыстық көркем өнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
 
Үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020 номинациясы бойынша облыстық және республикалық кезеңінде «Медиаграмотность для библиотекарей» тақырыбында жобасын жоғары дәрежеде қорғаған Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
 
Балаларға арналған үздік кітапханалық онлайн жоба – 2020 номинациясының жеңімпазы – Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Н.Островский атындағы орталық қалалық  кітапханасы.
 
Үздік көркем өнерпаздар ұжымы – 2020 номинациясының жеңімпазы –Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған  «Мұрагер» халықтық қазақ ұлт аспаптар ансамблі.
 
«Рухани қазына» байқауының «Мәдениет жанашыры» номинациясының жеңімпазы – Алтынсарин ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйінің  мәдени ұйымдастырушысы Серік Алпысов.
сайт12
сайт11сайт10сайт7сайт6
сайт5
«Рухани қазына» байқауының арнайы номинация иегерлері:
 
Облыстық, республикалық кезеңнің «Жыл серпіні-2020» номинациясы бойынша жеңімпазы – Қарабалық ауданы әкімдігінің мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Рысжан Жүзбай.
 
«Бір отбасы – бір кәсіп» номинациясы бойынша жеңімпаз – Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аудандық мәдениет үйінің Қашқымбаевтар отбасылық ансамблі.  
 
«Ғазиза Жұбанова атындағы арнайы жүлде» иегері – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор Қалибек Деріпсалдин.
сайт13
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

You may also like...

1 Response

  1. Жанар. Қ.Т айтты:

    құтты болсын! Облысымызда нағыз өз ісінің шеберлері көп болсын!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓