ҚОЛДАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысынан айрылған  қазақстандықтарға әлеуметтік төлем жасалғанын хабарлады.

2021 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша жұмысынан айырылу мерзімінде төленетін әлеуметтік төлемдер 77,9 мың адамға тағайындалған. Биыл алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша төлемдер 52 мың азаматқа тағайындалған.

Жұмыстан босатылған қызметкерлер бір айдан алты айға дейін әлеуметтік төлем алуға құқылы. Жұмысынан айрылғандарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың 40 пайызына дейінгі мөлшерде сома төленеді.

Әлеуметтік төлемдер алу үшін жұмыстан босатылған қызметкер:

eGov.kz порталында авторлану;

«жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

барлық талаптарды толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу кажет;

Бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).
Сондай-ақ қызметті enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы алуға болады.

Егер тұлға жүйеде жұмыссыз ретінде тіркелген болса, онда оған проактивті форматта МӘСҚ-дан төлем тағайындалғанын растау үшін SMS жолданады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓